Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 52 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 03.11.2024

ҚР Әлеуметтік Кодексі
52-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері

1. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері комиссиялық сыйақы шегеріле отырып, зейнетақы жарналарын, инвестициялық кірісті, өсiмпұл және залалдардың өтемі ретінде түскен қаражатты қамтиды. 

2. Жеке және заңды тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтеріне деген құқықтары осы Кодексте көзделген заттық құқықтар қатарына жатады. 

3. Міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың, зейнетақы төлемдерін алушылардың, Мемлекеттік корпорацияның, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан-банктің және өзіне зейнетақы активтері осы Кодекстің 36-бабының 3-тармағына және 37-бабына сәйкес активтерді инвестициялық басқаруға арналған шарт негізінде берілген тұлғалардың борыштары бойынша міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына, өсімпұлдарға, зейнетақы активтеріне және зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе өндіріп алуды қолдануға, оның ішінде санамаланған субъектілер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда, жол берілмейді. 

4. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері тек қана: 

1) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қаржы құралдарына орналастыруға; 

2) осы Кодекстің 37-бабына сәйкес инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарына орналастыруға; 

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін, оның ішінде біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға; 

4) зейнетақы жинақтарын осы Кодексте және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына ауыстыруға; 

5) зейнетақы активтерін осы Кодекстің 37-бабына сәйкес инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беруге; 

6) ерікті зейнетақы жарналары есебінен құралатын зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыруға; 

7) қате есепке жатқызылған зейнетақы жарналарын және өзге де қате есепке жатқызылған ақшаны қайтаруға; 

8) осы Кодексте белгіленген жағдайларда және мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, инвестициялық портфельді басқарушыға комиссиялық сыйақы төлеуге; 

9) "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылған депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның хабарламасы негізінде өзі үшін ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның (зейнетақы төлемдерін алушының) жеке зейнетақы шотынан кепілді өтемнің талап етілмеген сомасын қайтаруға; 

10) брокерлік комиссияларды, биржалық алымдарды және ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарықтарында қаржы құралдарын сатып алуға немесе сатуға байланысты өзге де шығыстарды төлеуге пайдаланылады.
Статья 1 ...50 51 52 53 54 ...263

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Я думаю погуглите бейсбол, в свободное время много раз в него играл, довольно интересно для такого любителя спорта, как я.



Здравствуйте. Отчисляются ли пенсионные взносы для тех, кто вышел на пенсию как многодетная мать с 5-мя детьми?


ҚР Еңбек кодексі 126-2-бап бойынша өзгеде кепілдіктері беріледі деген. Сол өзгеде кепілдіктерді толық қайдан қарауға болады?


Туған ағама бүйрек беріп донор болдым, инволидность боладыма, больничный қалай төленеді?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться