Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 56 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.07.2024

ҚР Әлеуметтік Кодексі
56-бап. Шартты зейнетақы шоттарының құпиясы

1. Жеке тұлғалардың атына ашылған шартты зейнетақы шоттарының құпиясы жұмыс берушінің аударылған міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсімдер туралы мәліметтерді, сондай-ақ тиісті қаржы жылы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленген зейнетақы төлемдерінің мөлшері туралы мәліметтерді қамтиды. 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Мемлекеттік корпорация шартты зейнетақы шоттарының құпия болуына кепілдік береді. 

2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Мемлекеттік корпорацияның лауазымды адамдары, жұмыскерлері және өздерінің қызметтік және функционалдық міндеттерін жүзеге асыруына байланысты шартты зейнетақы шоттарының құпиясын құрайтын мәліметтерге қолжетімділік алған өзге де адамдар, осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды жария етуге құқылы емес. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган арасында шартты зейнетақы шоттарының құпиясын құрайтын ақпарат, оның ішінде мәліметтер алмасуды жүзеге асыру шартты зейнетақы шоттарының құпиясын жария ету болып табылмайды. 

Мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқарушылық функцияларды орындайтын адамның қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабар жіберілген кезде растау құжаттары мен материалдары ретінде шартты зейнетақы шоттарының құпиясын қамтитын құжаттар мен мәліметтерді ұсынуы шартты зейнетақы шоттарының құпиясын жария ету болып табылмайды. 

3. Шартты зейнетақы шоттарының құпиясы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес өзінің атына шартты зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаға, өз атына шартты зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның жазбаша келісімімен кез келген үшінші тұлғаға ашылуы мүмкін. 

4. Шартты зейнетақы шоттарының құпиясын құрайтын мәліметтер: 

1) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына – олардың іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істер бойынша; 

2) соттарға – сот ұйғарымы негізінде олардың іс жүргізуінде жатқан істер бойынша; 

3) мемлекеттік кіріс органдарына – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеуге (есепке жазуға) және аударуға байланысты мәселелер бойынша; 

4) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға – өз атына шартты зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның өтінішіне байланысты не оның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне тексеруді жүзеге асыруына байланысты туындаған мәселе бойынша; 

5) прокурорға – оның қарауында жатқан материал бойынша өз құзыреті шегінде тексеру жүргізу туралы қаулы негізінде; 

6) Мемлекеттік корпорацияға – өздері үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленген жеке тұлғалардың дерекқорын қалыптастыру үшін; 

7) уәкілетті мемлекеттік органға – өз атына шартты зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның өтінішіне байланысты туындаған мәселе бойынша; 

8) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жыл сайынғы міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға; 

9) өзінің атына шартты зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның өкілдеріне – нотариат куәландырған сенімхаттың немесе заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде беріледі.
Статья 1 ...54 55 56 57 58 ...263

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Кеш жарык.Ватсап чатта товар берем деп.не товар не акша жок.Зан аясында акшамды кайтара аламынба?чек переписка бар


Здравствуйте.У меня изъятие для государственных нужд. Ищу постановление не могу найти .Или неправильно ищу.


Карткожа Шынгыс

Адвокат, обращайтесть всем помогу

+77078325690


Здравствуйте я сделал инвестиции и чтоб получит средства я оплатил гаранта но платеж не прошел нужно оплатить налог по ст 327 пунк 1НК РКтак ли это


Здравствуйте.подскажите пожалуйста!закончил обгон уже в действии знака "обгон запрещен".забрали права и выдали отрывной талон с в котором указано что уклонение без уважительных причин от явки в суд влечет Адм.Отв.в соответствии со ст 513 КОАП РК.какое отношение имеет ст 513 КОАП РК к моему нарушению,и должны ли выдать что либо ещё кроме отрывного талона?заранее благодарю за ответ


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться