Ст. 62 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII
ҚР Әлеуметтік Кодексі
62-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қолданатын шектеулі ықпал ету шаралары және санкциялар
1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты анықтаған, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының лауазымды адамдары мен жұмыскерлерінің құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін, сондай-ақ осы Кодексте көзделген өзге де талаптардың орындалмағанын анықтаған жағдайларда, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына мынадай шектеулі ықпал ету шараларының бірін қолдануға: 1) орындау үшін міндетті жазбаша нұсқама беруге;
2) жазбаша ескерту шығаруға;
3) жазбаша келісім жасауға құқылы.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына шектеулі ықпал ету шараларын қолданудың тәртібі мен шарттары қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияның қолданысын мынадай негіздердің кез келгені бойынша алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы:
1) лицензия беруге негіз болған ақпараттың анық еместігі;
2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры қызметінің басталуын лицензия берілген кезден бастап бір жылдан астам уақытқа кідірту;
3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша міндеттемелерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдайда) орындамауы немесе тиісінше орындамауы;
4) уәкілетті орган белгілеген нормативтердің және ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдайда) бұзылуы;
5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, зейнетақы қағидаларында және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясында көзделген ережелердің жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдайда) бұзылуы;
6) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қолданған шектеулі ықпал ету шаралары талабының орындалмауы;
7) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен жасалған жазбаша келісімге қол қоюдан бас тарту;
8) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры аудиторлық есепті алған күннен бастап үш ай ішінде аудиторлық ұйымның жүргізілген аудит туралы есебінде көрсетілген бұзушылықтарды ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жоймауы;
9) есептілік пен мәліметтерді ұсынбау немесе көрінеу анық емес есептілік пен мәліметтерді ұсыну;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
10) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 19.09.2025 № 219-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп жағдайда) бұзуы.
4. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру жаңа салымшыларды тартуға тыйым салуға алып келеді.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.
Добрый день!
Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Если я на испытательном сроке я тоже должна отрабатывать 1 месяц?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей