Ст. 90 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII
ҚР Әлеуметтік Кодексі
90-бап. Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны алу құқығы
1. Көп балалы отбасына берілетін жәрдемақы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген шетелдіктерге беріледі. 2. Бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасылардың көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы алуға құқығы бар.
3. Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны тағайындау кезінде отбасы құрамында туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған балалар, егер басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалар ескеріледі.
Бұл ретте отбасы құрамында ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтары шектелген балалар ескерілмейді.
4. Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі балаларға тағайындалмайды.
5. Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны төлеу барлық растайтын құжаттар болған кезде жүгінген күннен бастап ағымдағы ай үшін және осы жәрдемақы тағайындалған жағдайлар сақталатын кезеңге жүргізіледі. Осы Кодекстің 75-бабына сәйкес жәрдемақыны алушы өзгерген жағдайларды қоспағанда, оны алушы қайтыс болған жағдайда көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы оның қайтыс болған айына қоса төленеді.
6. Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақының есепке жазылған, алушы уақтылы талап етпеген сомасы өткен уақыт үшін, бірақ оларды алуға жүгіну алдындағы 3 жылдан аспайтын уақытқа төленеді.
7. Өтініш беруші балалардың бірге тұратын көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы тағайындауға арналған өтініште бірге тұратын балаларды көрсету арқылы өз бетінше растайды.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 16-бабына сәйкес он төрт жасқа толмаған балалардың заңды өкілдерінің тұрғылықты жері олардың тұрғылықты жері болып танылады.
Ерлі-зайыптылар арасында неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда балалардың ата-анасының біреуімен бірге тұруы сот шешімімен расталады.
8. Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны тағайындау кезінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалардың бірге тұру фактісіне қарамастан, олар отбасы құрамында ескеріледі.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Адвокат Тлепов Асылбек Кайратович 87082207192 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы или онлайн
Александр
michaelbates
Запутались в законах и не знаете как защитить свои права. Сложно подготовиться к судебному процессу или допросу.
Своевременное обращение к адвокату позволит получить ответы на Ваши вопросы и грамотно сформировать свою позицию. 87082207192
Согласно Статья 111. В первую очередь удовлетворяются требования по взысканию алиментов;
Здравствуйте. Какой ОКЭД применять, если у меня есть YouTube-канал, и я получаю деньги с Google Adsense (с рекламы, которую YouTube показывает в моих роликах)?
здравствуйте! может ли ИП предоставлять услуги дворника, сторожа и вахтёра одновременно? ОКЭД 81.10.
Добрый день!
Подскажите пожалуйста если Постановление о взыскании алиментов поступило на место работы истца после постановления о взыскании оплаты по кредитам могут ли юристы ссылаясь на этот факт оплатить выплаты по алиментам в последнюю очередь? Выплаты не производились так как поступления по заработной плате только пришли на место работы истца.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей