Ст. 95 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII
ҚР Әлеуметтік Кодексі
95-бап. Наградталған анаға берілетін жәрдемақыны тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
1. Наградталған анаға берілетін жәрдемақыны төлеу мынадай мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады: 1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәлімет. Бұл ретте наградталған анаға берілетін жәрдемақыны төлеу ол тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2) наградталған анаға берілетін жәрдемақыны алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі туралы мәлімет. Бұл ретте наградталған анаға берілетін жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының аумағына тұрақты тұруға келген күнінен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
3) наградталған анаға берілетін жәрдемақыны алушының сот бас бостандығынан айыру түрінде тағайындаған қылмыстық жазаны өтеуі туралы мәлімет. Бұл ретте наградталған анаға берілетін жәрдемақыны төлеу наградталған ана қылмыстық-түзеу жүйесі мекемесінен босатылған күннен бастап қайта басталады;
4) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілгеннен тыс көлемі ұсынылатын адамды қоспағанда, наградталған анаға берілетін жәрдемақыны алушының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында стационар жағдайында тұратыны және мемлекеттің толық қамтамасыз етуінде болуы туралы мәлімет. Бұл ретте наградталған анаға берілетін жәрдемақыны төлеу алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан шығарылған күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
5) наградталған анаға берілетін жәрдемақыны алушыға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін немесе хабарсыз кету фактісін растайтын құжаттың болуы туралы мәлімет. Бұл ретте наградталған анаға берілетін жәрдемақыны төлеу соттың адамды хабарсыз кетті деп тану туралы шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;
6) наградталған анаға берілетін жәрдемақыны алушыда шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өтуі туралы мәлімет. Бұл ретте наградталған анаға берілетін жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады.
2. Наградталған анаға берілетін жәрдемақыны төлеу ақпараттық жүйелерден алынған, наградталған анаға берілетін жәрдемақыны тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлардың аяқталғанын растайтын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады.
3. Наградталған анаға берілетін жәрдемақыны төлеуді тоқтатуға:
1) өтініш берушінің наградталған анаға берілетін жәрдемақыны заңсыз тағайындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы;
2) наградталған анаға берілетін жәрдемақыны алушыны "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасынан айыру;
3) наградталған анаға берілетін жәрдемақыны алушыға қатысты оның Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісінің анықталуы;
4) наградталған анаға берілетін жәрдемақыны алушының қайтыс болуы негіз болып табылады.
4. Наградталған анаға берілетін жәрдемақыны төлеу осы баптың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар туындаған күннен бастап тоқтатылады.
5. Наградталған анаға берілетін жәрдемақыны алушы қайтыс болған жағдайда, ол оның қайтыс болған айына қоса төленеді.
10-тарау. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
1-параграф. Жалпы ережелер
Лучшие юристы





Здравствуйте! скиньте на этот Эл. адрес ([email protected]) и ИИН Вашего сына и телефон Ваш Мы поможем Вам! это не законно!
Добрый день! Мой сын, которому сейчас 22 года, имеет задолженность по нескольким кредитам, в одном банке, в связи с отсутствием сейчас постоянного места работы. Его дело направленно в суд ( со слов судебного исполнителя). Теперь судебный исполнитель направил письмо на мое место работы, чтобы мой Работодатель дал мне 2 месяца без содержания, для того чтобы я явилась в суд в гАлматы(я проживаю в гАстана)вместе с сыном, потому что я, яко-бы, являюсь его(сына) гарантом. Я ни одного договора не подписывала. ВОПРОС: Имеет ли право судебный исполнитель отправлять письмо мне на работу?
И ошибка в названии государства. Кто-то специально сделал. Жаль скрин вложить нельзя.
У вас отражается в интернете "Ресупблики", вместо "Республики", над ссылкой на сайт.
После решения суда 2004 года банк подал сведения в 2017 году в первое кредитное бюро по этому решению и последний в моей кредитной истории указал эту задолженность без дополнительного обращения судебному исполнителю это законно
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей