Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 100 ҚР Еңбек кодексi 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.02.2025

ҚР Еңбек кодексi
100-бап. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс

1. Еңбекті нормалауды ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік кепілдік:

еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді;

мемлекеттік органдардың техникалық (ғылыми) тұрғыдан негізделген, қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай салааралық немесе салааралық үлгілік немесе үлгілік нормалар мен нормативтерді немесе ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етуін;

жұмыс берушілердің еңбек нормаларын әзірлеуді, енгізуді, ауыстыруды және қайта қарауды қамтамасыз етуін мемлекеттік бақылауды қамтиды.

1-1. Еңбек (уақыт, өндірім, еңбек сыйымдылығы, қызмет көрсету, сан) нормалары еңбек шығындарының өлшемі болып табылады және тиісті біліктілігі бар жұмыскер үшін техниканың, технологияның, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қол жеткізілген деңгейіне сәйкес белгіленеді.

2. Жұмыс беруші жаңа еңбек нормаларын әзірлеуді, енгізуді, қолданыстағыларын ауыстыруды және қайта қарауды еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтерді ескере отырып, жұмыскерлер өкілдерімен келісу бойынша жүргізеді.

3. Еңбек нормалары жұмыс орындарына аттестаттау мен рационализациялаудың жүргізілуіне, еңбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз ететін жаңа техниканың, технология мен ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың ендірілуіне қарай міндетті түрде ауыстырылуға тиіс.

Жекелеген жұмыскерлердің өз бастамасы бойынша жаңа еңбек тәсілдерін қолдануы және жұмыс орындарын жетілдіруі есебінен өнім шығарудың (қызметтер көрсетудің) жоғары деңгейіне қол жеткізу бұрын белгіленген еңбек нормаларын қайта қарау үшін негіз болып табылмайды.

4. Жұмыскерлер жұмыс берушінің жаңа еңбек нормаларын енгізуі туралы кемінде бір ай бұрын хабардар етіледі.

5. Еңбек нормаларын әзірлеу кезінде:

1) еңбек нормаларының сапасы, оларды қажетті еңбек шығындарына оңтайлы жақындату;

2) ұқсас ұйымдастырушылық-техникалық жағдайларда орындалатын дәл сондай жұмыстарға бірдей еңбек нормаларын белгілеу;

3) еңбек нормаларының ғылым мен техника жетістіктері негізіндегі прогрессивтілігі;

4) еңбек нормаларын белгілеу мүмкін және орынды болатын жұмыс түрлерін еңбекті нормалаумен қамту;

5) еңбек нормаларының техникалық (ғылыми) негізділігі қамтамасыз етілуге тиіс.

6. Көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын тиісті қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша, ол белгілеген тәртіппен жұмыс беруші бекітеді.

7. Қызметтің тиісті салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдар ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен, онымен келісу бойынша бекітеді.

7-1. Ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін ауыстыруды және қайта қарауды еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен оларды бекіткен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

ЗҚАИ-ның ескертрпесі!
8-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 04.07.2023 № 15-VIII (01.01.2030 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8. Жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен белгілі бір жұмыс түрлерінің күрделілігі кәсіптік стандарттар негізінде, ал олар болмаған кезде Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының біліктілік анықтамалығы және ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары негізінде белгіленеді.

Ескерту. 101-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...98 99 100 101 102 ...204

Перейти к статье
Коментарии пользователей

Сәлеметсіз бе

Декреттік демалыстан мерзімінен бұрын жұмысқа шығуға болмайды деген заң шыққан ба?

Біздің мекеменің директоры "дектеттік демалыстың мерзімі қашан бітеді сол кезде кел" дегені дұрыс па?

0   0

3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты еңбек демалысындағы қызметкердің орнындағы жұмыскердің сол мекемеде орнын сақтап қалуы үшін не істеуге болады? Жұмыссыз қалмауы үшін.

0   0






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться