Ст. 170 ҚР Еңбек кодексi 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ
ҚР Еңбек кодексi
170-бап. Тараптардың және татуластыру органдарының ұжымдық еңбек дауларын реттеу жөніндегі міндеттері
1. Тараптардың ешқайсысы татуластыру рәсімдеріне қатысудан жалтаруға құқылы емес.
2. Ұжымдық еңбек дауында реттелмеген келiспеушiлiктер тараптардың назарына жазбаша нысанда жеткiзiлуге тиiс.
3. Егер жұмыс берушінің өкілі өкілеттіктерінің жеткіліксіз болу себебінен ұжымдық еңбек дауы тараптарының келіспеушіліктерін реттеу мүмкін болмаса, жұмыскерлердің талаптары мүліктің меншік иелеріне, ұйымдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, мүлкінің меншік иелері шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар не шетелдік қатысатын ұйымдар болып табылатын ұйымдардың құрылтайшыларына (қатысушыларына) немесе акционерлеріне қойылады.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген рәсімдердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, жұмыскерлер өз мүдделерін қорғаудың заңда көзделген өзге де барлық тәсілдерін пайдалануға құқылы.
5. Жұмыс беруші:
1) жұмыскерлердің осы Кодекстің 164-бабының 3-тармағына сәйкес ресімделген талаптарын алған күні ұжымдық еңбек дауының туындағаны туралы, ол түпкілікті шешілгенге дейін ахуал туралы кейіннен апта сайын хабарлай отырып, аумақтық бөлімшені хабардар етуге;
2) осы Кодекстің талаптары сақталмай жүргізілетін ереуілдердің басталғаны туралы Қазақстан Республикасының прокуратура органдарын және аумақтық бөлімшені бір күн ішінде хабардар етуге міндетті.
Ескерту. 170-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 15.02.2023 № 199-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 116-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на [email protected]
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей