Ст. 34 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V
ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
34-бап. Қоғамдық байқау комиссиясын құру тәртібі
1. Қоғамдық байқау комиссиясы азаматтардың немесе қоғамдық бірлестіктердің бастамасы бойынша құрылады. Қоғамдық бірлестіктер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әрбір қоғамдық байқау комиссиясына бір кандидаттан ұсынуға құқылы.
2. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында өз қызметін әкімшілік-аумақтық құрылым шегінде жүзеге асыратын бір қоғамдық байқау комиссиясы құрылады.
3. Қоғамдық байқау комиссиясы үштен тоғыз адамға дейінгі құрамда күнтізбелік екі жыл мерзімге құрылады.
Қоғамдық байқау комиссиясының жұмыс кезеңінде оның мүшелерінің ауыстырылуы жүргізілуі мүмкін, бұл отырыс хаттамасында тіркеледі.
4. Қоғамдық байқау комиссиясы жазаларды орындайтын мекемелер мен органдарға алты ай бойы бармаған жағдайда, оның қызметі тоқтатылды деп есептеледі.
5. Қоғамдық байқау комиссиясын оның мүшелерінен көпшілік дауыспен сайланатын, оның қызметіне басшылықты жүзеге асыратын төраға басқарады.
6. Жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың жоғары тұрған органдарына қоғамдық байқау комиссиясының дербес құрамы бекітілетін және оның төрағасы сайланатын өзінің бірінші отырысының хаттамасын беру қоғамдық байқау комиссиясы қызметінің басталуы болып табылады.
7. Қоғамдық байқау комиссиясы мүшесінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, оның төрағасы он күн ішінде тиісті құжаттарды беру мерзімдері мен тәртібін көрсете отырып, бос орынға конкурс туралы жариялайды.
Лучшие юристы





Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей