Ст. 110 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
110-бап. Қылмыстық процеске қатысатын адамдарға құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру және оларды жүзеге асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мiндетi
1. Қылмыстық процеске қатысатын әрбiр адамның өз құқықтары мен мiндеттерiн, өзі таңдаған ұстанымның құқықтық салдарын бiлуге, сондай-ақ өзінің қатысуымен өтiп жатқан процестік әрекеттердiң мәні және өзіне танысу үшiн ұсынылған қылмыстық iс материалдарының мазмұны бойынша түсіндірме алуға құқығы бар. 2. Қылмыстық процестi жүргізетін орган қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысатын әрбiр адамға оған тиесiлi құқықтар мен оған жүктелген мiндеттердi, оның ішінде кәмелетке толмағандар қатысқан істер бойынша – олардың өкілдеріне істі кәмелетке толмағанның істері жөніндегі мамандандырылған сотта не кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жері бойынша сотта қарату құқығын түсiндiруге, оларды жүзеге асыру мүмкiндiгiн осы Кодексте көзделген тәртiппен қамтамасыз етуге тиiс. Қылмыстық процестi жүргізетін орган адамның өтiнуi бойынша оның құқықтары мен мiндеттерiн қайталап түсiндiруге мiндеттi.
3. Қылмыстық процестi жүргізетін орган процеске қатысушыларға қарсылық білдіру мәлiмделуi мүмкiн адамдардың тегiн және олар туралы басқа да қажеттi деректердi хабарлауға мiндеттi.
4. Қылмыстық процеске қатысушы жағдайына ие болған адамға ол қатысатын процестік әрекеттi жүргізу басталғанға дейiн және ол процеске қатысушы ретiнде қандай да бір ұстанымын бiлдiргенге дейiн оның құқықтары мен мiндеттерi мiндеттi түрде түсiндiрiледi. Сот отырысына келген процеске қатысушыға сот оған тиесiлi құқықтар мен оған жүктелген мiндеттерді, олар сотқа дейiнгi тергеп-тексеру барысында түсiндiрiлмегенiне қарамастан, түсiндiруге мiндеттi.
5. Қылмыстық процестi жүргізетін орган куәгердiң, аудармашының, маманның, сарапшының қатысуымен өтетін әрбір процестік әрекет басталар алдында олардың мiндеттерi мен құқықтарын түсiндiруге мiндеттi. Куәнiң құқықтары мен мiндеттерiн оған қылмыстық тергеу органы одан бiрiншi рет жауап алар алдында түсіндіруге және сот отырысында қайталап түсiндiруге тиіс.
3-БӨЛІМ. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР ЖӘНЕ ДӘЛЕЛДЕУ
15-тарау. ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Как можно обжаловать решения судьи по адм нарушение. По канабису. Результаты анализа мед тестов спасибо заранее
Здравствуйте! помогите Как перейти с СНР для субъектов малого бизнеса на основе упрощенной деклорации на СНР с использованием СМП
С 2015 года для субъектов малого бизнеса тоо пЕчать было пО желанию,если тоо открыто 2010 году,может ли гос орган требовать договоре аренды пЕчать
Төтенше жағдай кезінде 471 бап 2 тармағынан уәкілетті орган уақытылы отчет тапсырмаған осы бағытта заң қарастырылған ба
Случился конфликт с главным бухгалтером предприятия, он пользуясь авторитетом убедил руководителя расторгнуть со мной трудовой договор. моего заявления как Приказа на увольнение ещё нет,а он приедставил коллектву нвого руководителя офрмил на него ЭЦП. Меня вынуждают уволиться по собственному желанию создав нетерпимую атмосферу в коллективе и обещая проблемы в последующем (устно). терять работу нет желания но и работать в таких условиях не представляется возможным. Подскажите как поступить в данной ситуации?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей