Ст. 112 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
112-бап. Дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін нақты деректер
1. Нақты деректер, егер олар осы Кодекстің талаптары бұзыла отырып алынса, алынған нақты деректердің анықтығына сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе істі сотта қарау кезінде процеске қатысушыларды заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе құқықтарына қысым көрсету арқылы немесе қылмыстық процестің өзге де ережелерін бұзу арқылы ықпал етсе немесе ықпал етуі мүмкін болса, оның ішінде:
1) азаптауды, зорлық-зомбылықты, қорқытуды, алдауды, сол сияқты өзге де заңсыз әрекеттер мен қатыгез қарым-қатынасты қолдану арқылы;
2) қылмыстық процеске қатысатын адамға өз құқықтары мен міндеттері жөнінде түсіндірмеу, толық немесе дұрыс түсіндірмеу салдарынан туындаған оның жаңылысуын пайдалану арқылы;
3) осы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның процестік әрекетті жүргізуіне байланысты;
4) қарсылық білдірілуге жататын адамның процестік әрекетке қатысуына байланысты;
5) процестік әрекетті жүргізу тәртібін елеулі түрде бұзу арқылы;
6) белгісіз көзден не сот отырысында анықтала алмайтын көзден;
7) дәлелдеу барысында қазіргі заманғы ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдану арқылы алынса, дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол берілмейді деп танылуға тиіс.
2. Қылмыстық процесте нақты деректердің дәлелдемелер ретінде пайдаланылуына жол бермеуді, сондай-ақ оларды шектеп пайдалану мүмкіндігін анықтау органы, анықтаушы, тергеуші, прокурор немесе сот өз бастамасы бойынша немесе тараптың өтінішхаты бойынша белгілейді. Анықтау органы, анықтаушы, тергеуші, прокурор немесе судья дәлелдемелерге жол бермеу туралы мәселені шеше отырып, әрбір жағдайда жол берілген бұзушылықтың нақты қалай көрініс тапқанын анықтауға және уәжді шешім қабылдауға міндетті.
3. Егер күдіктінің, қорғалуға құқығы бар куәнің, жәбірленушінің және куәнің айғақтары, сарапшының, маманның қорытындысы, заттай дәлелдемелер, тергеу және сот әрекеттерінің хаттамалары және өзге де құжаттар қылмыстық іс материалдарының тізімдемесіне енгізілмесе, оларды айыптау негізіне жатқызуға болмайды. Күдіктінің одан куә ретінде алдын ала жауап алу барысында берген айғақтары дәлелдемелер ретінде таныла алмайды және оларды оның жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы қолдануға, сондай-ақ оны айыптау негізіне жатқызуға болмайды.
4. Қылмыстық-процестік заңды бұза отырып алынған нақты деректер дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін деректер деп танылады және олар айыптау негізіне жатқызыла алмайды, сондай-ақ осы Кодекстің 113-бабында көрсетілген кез келген мән-жайларды дәлелдеу кезінде пайдаланыла алмайды.
5. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген бұзушылықтар арқылы алынған нақты деректер тиісті бұзушылықтар және қылмыстық істі тергеп-тексеру барысында оларға жол берген тұлғалардың кінәлілігі фактісінің дәлелдемелері ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Ескерту. 112-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 09.06.2021 № 49-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 114-бап. Дәлелдемелерсiз анықталатын мән-жайлар ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 115-бап. Күдіктiнiң, жәбiрленушiнiң, куәнің айғақтары ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 113-бап. Қылмыстық iс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлар ҚР Қылмыстық-процестік кодексi ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 116-бап. Сарапшының қорытындысы және айғақтарыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей