Ст. 282 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
282-бап. Кешендi сараптама
1. Кешендi сараптама iс үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін әртүрлi білім салалары негізінде зерттеу қажет болғанда тағайындалады және оны түрлі мамандықтағы сарапшылар өз құзыреті шегінде жүргізеді. Кешендi сараптаманы бір сарапшы өзінің түрлi сарапшылық мамандықтар бойынша зерттеу жүргізуге құқығы болған жағдайда жүргізе алады.
2. Кешендi сараптаманың қорытындысында әрбiр сарапшының қандай зерттеудi, қандай көлемде жүргiзгенi және оның қандай түйіндерге келгенi көрсетiлуге тиiс. Әрбiр сарапшы қорытындының осы зерттеулер мазмұндалған бөлiгiне қол қояды.
3. Сарапшылардың әрқайсысы жүргізген зерттеулер нәтижелерінің негізінде олар анықтау үшін сараптама тағайындалған мән-жай туралы ортақ түйінді (түйіндерді) тұжырымдайды. Ортақ түйінді (түйіндерді) алынған нәтижелердi бағалауға құзыретi бар сарапшылар ғана тұжырымдап, қол қояды. Егер комиссияның түпкiлiктi түйінінің немесе оның бiр бөлiгiнің негiзі сарапшылардың бiрi (жекелеген сарапшылар) анықтаған фактiлер болса, онда бұл туралы қорытындыда көрсетiлуге тиiс.
4. Сарапшылар арасында келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, зерттеулердің нәтижелері осы Кодекстiң 281-бабының төртiншi бөлiгiне сәйкес ресімделеді.
5. Сот сараптамасы органына тапсырылған кешендi сараптама жүргiзудi ұйымдастыру органның басшысына жүктеледi. Сот сараптамасы органының басшысы сондай-ақ ұсынылған материалдар бойынша кешендi сараптама жүргiзу туралы өз бетiнше шешiм қабылдауға және оны жүргiзудi ұйымдастыруға құқылы.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Я думаю погуглите бейсбол, в свободное время много раз в него играл, довольно интересно для такого любителя спорта, как я.
hello, i need to
Здравствуйте. Отчисляются ли пенсионные взносы для тех, кто вышел на пенсию как многодетная мать с 5-мя детьми?
ҚР Еңбек кодексі 126-2-бап бойынша өзгеде кепілдіктері беріледі деген. Сол өзгеде кепілдіктерді толық қайдан қарауға болады?
Туған ағама бүйрек беріп донор болдым, инволидность боладыма, больничный қалай төленеді?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей