Ст. 283 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
283-бап. Сарапшы қорытындысының мазмұны
1. Қажетті зерттеулер жүргізілгеннен кейін оның нәтижелерін ескере отырып, сарапшы (сарапшылар) өз атынан қорытынды жасап, оны өзінің қойған қолымен және жеке мөрімен растап, сараптаманы тағайындаған адамға жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органы жүргізген жағдайда, сарапшының (сарапшылардың) қойған қолы көрсетілген органның мөрімен расталады. Сарапшының (сарапшылардың) қорытындысы электрондық құжат түрінде ресімделуі мүмкін.
2. Сарапшының қорытындысында: оның ресімделген күні, сараптаманы жүргізу мерзімдері мен орны; сот сараптамасын жүргізу негіздері; сараптаманы тағайындаған орган туралы мәліметтер; сараптаманы жүргізу тапсырылған сот сараптамасы органы және (немесе) сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), білімі, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын лауазымы); өзінің көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертілгені туралы сарапшының (сарапшылардың) қойған қолымен куәландырылған белгі; сот сарапшысының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер; сараптама жүргізу кезінде қатысқан процеске қатысушылар туралы және олар берген түсіндірмелер туралы мәліметтер; зерттеу объектілері; олардың жай-күйі, қаптамасы, мөрленгені, куәгерлердің қатысуы кезінде олардың қойған қолдарымен расталғаны; пайдаланылған әдістемелер көрсетіле отырып, зерттеулердің мазмұны мен нәтижелері; жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін бағалау, сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер бойынша түйіндерінің негіздемесі мен тұжырымдалуы көрсетілуге тиіс.
3. Егер зерттеу барысында осы Кодекстің 284-бабында көрсетілген мән-жайлар анықталса, қорытындыда қойылған мәселелердің барлығына немесе кейбіреуіне жауап берудің мүмкін болмауының негіздемесі қамтылуға тиіс.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен куәландырылған, сарапшының қорытындысын көрнекілейтін материалдар (фотокестелер, схемалар, графиктер, кестелер және басқа да материалдар) қорытындыға қоса беріледі және оның құрамдас бөлігі болып табылады. Сондай-ақ қорытындыға зерттеуден кейін қалған объектілер, оның ішінде үлгілер қоса берілуге тиіс.
Ескерту. 283-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
284-бап. Қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабар
Егер сарапшы зерттеу жүргізгенге дейін өзінің алдына қойылған мәселелер өзінің арнаулы ғылыми білімдерінің аясынан тыс екеніне немесе өзіне ұсынылған зерттеу объектілері не материалдары қорытынды беру үшін жарамсыз немесе жеткіліксіз екеніне және толықтырыла алмайтынына не ғылым мен сот сараптамасы тәжірибесінің жайы қойылған мәселелерге жауап қайтаруға мүмкіндік бермейтініне көзі жеткізсе, ол қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабар жазып, оны сараптама тағайындаған адамға жібереді.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы 13-1-бап. Ипотека куәлігіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы 20-1-бап. Кепіл берушінің ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізуі О профилактике правонарушений среди несовершеннолетних и предупреждении детской безнадзорности и беспризорности Статья 22-3. Переписка ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 661-бап. Алқабилер қатысатын сот шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдер мен қаулыларға шағым жасау және оларды прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауРекомендованные страницы
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 281-бап. Жеке-дара және комиссиялық сараптама ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 286-бап. Күдіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге сарапшының қорытындысын көрсету ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 280-бап. Сараптама объектiлерi ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 287-бап. Қосымша және қайталама сараптамалар ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 282-бап. Кешендi сараптамаРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей