Ст. 405 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
405-бап. Жекеше қаулы
1. Сот жекеше қаулы шығаруға негiз болған кезде кеңесу бөлмесiнде жекеше қаулы шығарады, онда мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың, ұйымдардың немесе олардың басшыларының назарын iс бойынша анықталған заң бұзушылық фактiлерiне, қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға ықпал еткен және тиiстi шаралар қабылдауды талап ететiн себептер мен жағдайларға аударады. Адамның әрекеттерiнде қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен әкiмшiлiк терiс қылық анықталған жағдайда, сот оған заңда көзделген жаза қолдануға құқылы. 2. Жекеше қаулы сот анықтау, алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде жол берiлген, азаматтардың құқықтарын бұзушылықтарды және басқа да заң бұзушылықтарды тапқан кезде де шығарылуы мүмкiн.
3. Сот жекеше қаулы арқылы ұйымдар мен еңбек ұжымдарының назарын жекелеген азаматтардың өндiрiстегi немесе тұрмыстағы терiс мiнез-құлқына немесе олардың қызметтiк немесе азаматтық борышын бұзғанына аударуға құқылы.
4. Сот, егер мұны қажет деп таныса, басқа жағдайларда да сот талқылауының материалдары бойынша жекеше қаулы шығаруға құқылы.
5. Сот қылмыстық құқық бұзушылықтың жолын кесуге немесе оны ашуға жәрдемдескен азаматтың азаматтық немесе қызметтiк борышын өтеу кезiнде көрсеткен жоғары саналылығын, ерлiгiн жекеше қаулысы арқылы ұйымдар мен еңбек ұжымдарының назарына жеткiзе алады.
6. Жекеше қаулы бойынша бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей қажеттi шаралар қолданылып, оның нәтижелерi жекеше қаулы шығарған сотқа хабарлануға тиiс, ол туралы сот жекеше қаулының қарар бөлігінде көрсетеді.
Лучшие юристы





Статьи 212 часть 1 и 212 часть 2 противоречат друг другу, в связи с чем недобросовестные нотариусы оформляют фиктивные сделки. Акт дарения фактически является сделкой по отчуждению, ограничивающая действия по отчуждению без согласия всех собственников в общедолевой собственности. Этим пользуются недобросовестные наследники и нотариусы.
госслужба в казахстане погрязла в коррупций клановая система, брат, сват, агашка,
татешка, кум, кума и т.д.т.п.
Статья 10 в старой редакции. Как может быть проверенно 25.05.2025. Таким образом люди вводятся в заблуждение.
в законе написано что он утратил силу. где найти другой закон, не утративший силу? зачем вообще я читаю законы, которые утратили силу?
Срок предоставления ответа 5 дней проверьте изменение
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей