Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 295 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.11.2025

ҚР Экологиялық кодексi
295-бап. Көміртегі квотасын өзгерту

1. Квоталау субъектісі Көміртегі квоталарының ұлттық жоспары қолданылған кезеңде квоталанатын қондырғының қуаттылығы ұлғайтылған жағдайда негізгі көміртегі квотасы болмаған немесе оның көлемі жеткіліксіз болған кезде қосымша көміртегі квотасын алу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өтініш жасайды. 

Қуаттылықты ұлғайту деп өнімді алудың, өндірудің, қайта өңдеудің және (немесе) тасудың жылдық көлемін ұлғайту түсініледі. 

2. Квоталау субъектісі қосымша көміртегі квотасын алу мақсатында есепті жылдан кейінгі жылдың он бесінші сәуірінен ерте емес, бірақ бірінші тамызынан кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға көміртегі квотасын өзгертуге электрондық нысандағы өтінішті және көміртегі квотасын өзгертуді негіздейтін есеп-қисаптарды береді. 

Квоталау субъектісі Көміртегі квоталарының ұлттық жоспары қолданылған соңғы жыл кезеңінде қосымша көміртегі квотасына өтініш жасаған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды есепті жылдан кейінгі жылдың он бесінші сәуірінен ерте емес, бірақ бірінші шілдесінен кешіктірмей береді. 

3. Қосымша көміртегі квотасы мына формула бойынша есептеледі:  

М = (Х – У) × Z, 

мұнда: 

М – сұралатын қосымша көміртегі квотасы; 

Х – алдыңғы есепті жылғы парниктік газдардың шығарылуын түгендеу туралы верификацияланған есепте көрсетілген өнімнің расталған көлемі; 

У – қолданыстағы Көміртегі квоталарының ұлттық жоспары бойынша бір жылға қондырғы үшін көміртегі квотасын есептеу үшін пайдаланылған өнім көлемінің мәні; 

Z – бенчмарк. 

4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші қыркүйегіне дейін қосымша көміртегі квотасын алу үшін квоталау субъектісі ұсынған құжаттарды қарайды. 

5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қосымша көміртегі квотасын беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда квоталау субъектісін, квоталанатын қондырғыны және қосымша көміртегі квотасының көлемін көрсете отырып, квоталау субъектісі мен көміртегі бірліктерінің саудасы жүйесінің операторына тиісті хабарламаны үш жұмыс күні ішінде жібереді. 

6. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған және (немесе) олар осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган оларды пысықтауға жібереді. 

Квоталау субъектісі бес жұмыс күні ішінде пысықталған құжаттарды ұсынады. 

Квоталау субъектісі пысықталған құжаттарды ұсынғаннан кейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган оларды алған кезден бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды. 

7. Берілген қосымша көміртегі квотасы туралы ақпарат көміртегі бірліктерінің саудасы жүйесі операторының ресми интернет-ресурсында жарияланады. 

8. Квоталанатын қондырғының қуаттылығын төмендету есебінен пайда болған көміртегі квотасының бірліктерін сатуға болмайды және олар парниктік газдардың шығарылуы мен сіңірілуі саласындағы мемлекеттік реттеу қағидаларында белгіленген тәртіппен Көміртегі квоталары ұлттық жоспарының резервіне қайтарылуға тиіс. 

Қуаттылықты төмендету деп өнімді алудың, өндірудің, қайта өңдеудің және (немесе) тасудың жылдық көлемін төмендету түсініледі. 

9. Квоталанатын қондырғы жойылған (пайдаланудан шығарылған) жағдайда квоталау субъектісі тиісті қондырғыны пайдалану жүзеге асырылған соңғы есепті кезеңдегі парниктік газдардың шығарылуын түгендеу туралы есепті қоса бере отырып, жою туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті. 

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган квоталау субъектісінен хабарламаны алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде көміртегі бірліктерінің саудасы жүйесінің операторын көміртегі квотасының пайдаланылмаған бірліктерін пайдаланудан шығарылған қондырғының шотынан Көміртегі квоталарының ұлттық жоспары резервінің шотына ауыстыру туралы хабардар етеді. 

10. Қосымша көміртегі квотасын беруге арналған резервтің бөлінбеген көміртегі бірліктері тиісті Көміртегі квоталары ұлттық жоспарының соңғы есепті жылы бойынша есептілікті ұсыну мерзімі аяқталған күннен кейін тоқсан жұмыс күні өткен соң өтеледі. 

Ескерту. 295-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...293 294 295 296 297 ...418

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Добрый день!

Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Если я на испытательном сроке я тоже должна отрабатывать 1 месяц?


Қайда шағымданасыз?

1) Мекеме басшысы мен бас есепшіге — жазбаша түрде

Негіз: 319-бап.

2) Мемлекеттік кірістер басқармасына (МКБ) шағым

Негіз: 319, 320, 683-баптар (салық агентінің міндетін орындамау).

Жаза қолданатын орган — МКБ.

3) Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (егер мекеме мемлекеттік болса)

Негіз: бухгалтерлік есеп нормаларын бұзу.

Ақпарат үшін +77082675787, +77751122089


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться