Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 188-1 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.01.2025

ҚР Қылмыстық Кодексi
188-1-бап. Мал ұрлау

1. Мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру – 

мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Мынадай: 

1) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; 

2) ірi мөлшерде жасалған мал ұрлау – 

мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Мынадай: 

1) бірнеше рет; 

2) тұрғын үй-жайдың, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мал қораның, қашаның немесе өзге де қойманың ауласына кiрумен жасалған мал ұрлау – 

мүлкi тәркiленіп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

4. Мынадай: 

1) қылмыстық топ жасаған; 

2) аса iрi мөлшерде жасалған мал ұрлау – 

мүлкi тәркiленіп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескертпе. Осы бапта мыналар мал деп түсініледі: 

ірі қара мал; 

жылқылар мен есектер; 

түйелер; 

ұсақ мал; 

шошқалар. 

Ескерту. 6-тарау 188-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Статья 1 ...187 188 188‑1 189 190 ...467

Перейти к статье
Коментарии пользователей

Менде мынадай сұрақ бар, менің ақшамды 500 000т каспимен аудартып алды, полиция/прокуратураға кемінде 7рет өтініш арыз жаздым, талон қаулы шығарып берді. Бірақ не сот ,болмайды, не тергеуші хабарласпайды. Арызды ЕГОВ порталы арқылы жаздым, мені полиция депортаментіне шақырып түсініктеме алды. Бірақ ешқандай өзгеріс жоқ. Нестесем болады?

0   0






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться