Ст. 218-1 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
ҚР Қылмыстық Кодексi
218-1-бап. Заңсыз иемденілген активтерді мемлекет кірісіне айналдырудан жасыру, сондай-ақ оларды заңдастыру (жылыстату)
1. "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған субъектінің және (немесе) үлестес тұлғаның ірі мөлшерде заңсыз иемденілген активтерді "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілетін активтерді ашып көрсету туралы декларацияда көрінеу анық емес, толық емес не бұрмаланған мәліметтер ұсыну арқылы мемлекет кірісіне айналдырудан жасыруы – мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған субъектінің және (немесе) үлестес тұлғаның осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген активтерді немесе олардан түскен кез келген кірістерді оларды иеліктен шығару, конверсиялау немесе аудару бойынша мәмілелер жасау, олардың шынайы сипатын, көзін, тұрған жерін, билік ету, орнын ауыстыру тәсілін, активтерге құқықтарды немесе олардың тиесілілігін жасыру немесе бүркемелеу не жоғарыда көрсетілген әрекеттерді жасаудағы делдалдық арқылы ірі мөлшерде заңды айналымға тартуы, сол сияқты "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органды алдын ала немесе тиісінше не уақтылы хабардар етпей, активтерді кез келген нысанда ірі мөлшерде иеліктен шығару және (немесе) ауыртпалық салу, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға беру –
мүлкі тәркіленіп, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бірнеше рет жасалған;
3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп, үш мыңнан жеті мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, мынадай:
1) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекеттер, егер олар өзінің қызмет бабын пайдаланумен ұштасса;
2) қылмыстық топ жасаған;
3) аса ірі мөлшерде жасалған іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп, ал осы бөліктің 1) тармағында көзделген жағдайларда – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертпелер.
1. Осы бапта көзделген әрекеттердің дайындалып жатқаны не олардың жасалғаны туралы өз еркімен мәлімдеген адам, егер оның әрекеттерінде осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген қылмыстардың немесе өзге де қылмыстың құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
2. Осы бапта "активтер" деп Қазақстан Республикасындағы немесе оның шегінен тысқары жердегі мүліктік игіліктер немесе құқықтар (мүлік), оған қоса осы мүліктен алынған (алынатын) немесе осы мүліктің есебінен иемденілген кез келген мүліктік игіліктер немесе құқықтар түсініледі.
Ескерту. 218-1-баппен толықтыру көзделген – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Доброго времени суток!
Нуле совет в ситуации: без предупреждения отстранили от работы бухгалтера, и начали инвентаризацию без неё. Первая проверка была в ее пользу почти на 1.5 млн. Назначили следующую. Без приказа, без подписи, только голосовое уведомление через ватсап. Она не вышла по этой причине на работу, ждала окончание проверок. Через 2,5 недели высылают уведомление о расторжении трудового договора, в связи с проектом. Как быть?
Добрый вечер! Мне оформили страховку во время получения микрокредита в банке, кредит оформлен на 60 дней
, а страховка на 45 дней, почему? Сегодня заканчивается срок страховки, а закрыть кредит я иду завтра, вернут ли мне страховку
По решению суда первой инстанции по гражданским делам от 06.02.2004 года был судебный акт и в 2009 году данный судебный акт был оспорен и в 2017 году переименованный банк по этому решению передает информацию в ТОО "ПКБ", который испортил мою кредитную историю и по сегодняшний день все банки отказывают мне в предоставлении финансовых услуг вот уже в течении 8 лет на все мои заявление в банк просит мне показать квитанцию об оплате банковской задолженности а то, что я показываю справку от Территориального отдела судебных исполнителей ДЮ Жамбылской области и копию договора залога полученные в 2009 году, где на каждом листе стоит штамп банка и подпись юриста их не устраивает и все мои обращение до Верховного суда были отказаны и все как один мотивируют тем, что у меня нету доказательства, а какие им нужны доказательства в своих решениях не указывают а просто отказывают в моем иске
По договору залога были заложены ТНП за время длительного отсутствия Залогодателя в связи с тяжелой и продолжительной болезни Залогодержатель незаконно реализовал все заложенные движимые и недвижимые имущества и вырученные средства присвоил себе а потом данный банк был ликвидирован и активы и обязательства были переданы другому банку и он теперь является владельцем я могу ему предъявит иск в суд о возмещении потерянных моих движимых и недвижимых имуществ
Здравствуйте! Брат был признан недееспособным и был на учете до совершения сделки. И оказывается подарил (договор дарения) квартиру отцу, сделка была совершена в 2011 году, о чем отец молчал. Квартиру продали, либо переоформили на племянницу мачехи. Брата не стало 2 года назад, я отсутствовала в стране, тому есть доказательства. Можно ли признать эту сделку недействительной через суд? Спасибо!
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей