Ст. 334 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.01.2025
ҚР Қылмыстық Кодексi
334-бап. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану
1. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану, сол сияқты пайдалы қазбаларды өз бетінше өндіру, егер бұл іс-әрекеттер айтарлықтай залал келтірсе, – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) ірі залал келтіре отырып жасалған;
2) адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
3) бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, мынадай:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда;
3) аса ірі залал келтіре отырып жасалған іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 334-бап жаңа редакцияда – ҚР 03.01.2023 № 186-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы

город Астана, ул.Туркестан 2, выезд в регионы
Комментариев: 30
Всего

Караганда; Нур-Султан (Астана)
Всего

Всего

London
Всего

Всего
Новые комментарии на сайте
Гость
19.02.25 21:28:31
Гость
19.02.25 21:14:06
Гость
19.02.25 21:12:09
Гость
16.02.25 21:29:46
Гость
16.02.25 21:27:54
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей