Ст. 370-2 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
ҚР Қылмыстық Кодексi
370-2-бап. Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің қызмет міндеттерін атқарудан бас тартуы немесе жалтаруы
1. Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің белгіленген тәртіппен берілген бұйрықты орындаудан қызмет мүдделеріне елеулі зиян келтірген бас тартуы, сол сияқты құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің аурумын деп жалған сылтаурату немесе өзiне қандай да бiр зақым келтiру (дене мүшесiн зақымдау) не денсаулығына өзге де зиян келтiру немесе жалған құжат жасау немесе өзге де алдау жолымен жасалған, қызмет мүдделеріне елеулі зиян келтірген қызмет мiндеттерiн атқарудан жалтаруы – бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:
1) төтенше ахуал немесе жаппай тәртіпсіздіктер кезінде жасалған;
2) күзетілетін адамдардың немесе объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты іс-әрекеттер –
алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезінде жасалған немесе ауыр салдарға алып келген іс-әрекеттер –
үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертпе. Осы бапта күзетілетін адамдар мен объектілер деп "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күзетілетін адамдар мен объектілер түсініледі.
Ескерту. Кодекс 370-2-баппен толықтырылды – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Добрый день! Не нашла информацию про срок выплаты суточных до убытия? есть ли данный регламентированный срок?
Здравствуйте. Согласно п.1 ст.131. должны выплатить компенсацию в размере одной среднемесячной заработной платы. да Вы можете подписать.
Здравствуйте! Я нахожусь в декретном отпуске 1,5 года, компания просит, чтобы я уволилась в связи с ликвидацией компании, уведомление о ликвидации компании выставили 17 марта, прислали на почту 20 марта, в уведомлении ссылаются на статью 52 1 пункт, а про компенсацию ничего не написали, подскажите пожалуйста, какую компенсацию они мне должны выплатить и могу ли я подписывать такой документ?
Здравствуйте!
В магазине отказались принимать наличные деньги(тенге). Кассир заявил, что принимают оплату толька картой или кьюар. Законно ли деиствие магазина?
Мужа задержали,так как он не являлся на отметку в органы пробации, до этого был освобождён по статье УК 44рк
На данный момент 30го числа будет суд и время его провождения под стражей 26 дней, суд будет о замене ??его наказания но при этом учитываются статьи 476,477,480 что можно сделать, так как в положении и до родов не далеко осталось, у него ещё есть не совершенно летняя дочь,
При рассмотрении суда могут ли ему дать условный срок отбытия наказания ?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей