Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 46 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

ҚР Қылмыстық Кодексi
46-бап. Бас бостандығынан айыру

1. Бас бостандығынан айыру сотталған адамды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне жіберу арқылы оны қоғамнан оқшаулаудан тұрады. 

2. Бас бостандығынан айыруға сотталған, үкiм шығару кезінде он сегiз жасқа толмаған адамдар кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелеріне орналастырылады. 

3. Осы Кодексте көзделген қылмыстарды жасағаны үшiн бас бостандығынан айыру – алты айдан он бес жылға дейiнгі, ал аса ауыр қылмыстары үшiн жиырма жылға дейiнгi мерзiмге не өмiр бойына белгiленедi. Абайсызда жасалған қылмыстар үшiн бас бостандығынан айыру мерзімі он жылдан аспайды. Айыппұл салуды, түзеу жұмыстарын, қоғамдық жұмыстарға тартуды немесе бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстырған жағдайда ол алты айға жетпейтiн мерзiмге тағайындалуы мүмкiн. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаларды тағайындаған кезде бас бостандығынан айыру мерзiмдерiн iшiнара немесе толық қосқан жағдайда және осы Кодекстің 71-бабының бесінші бөлігінде және 77-бабының бесінші бөлігінде көзделген жағдайларда бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзiмi – жиырма бес жылдан, ал үкiмдердiң жиынтығы бойынша отыз жылдан аспауға тиіс. 

4. Өмір бойына бас бостандығынан айыру аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін белгіленуі мүмкін. Өмір бойына бас бостандығынан айыру он сегіз жасқа дейін қылмыс жасаған адамдарға, әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге тағайындалмайды. Өмір бойына бас бостандығынан айыру кешірім жасау тәртібімен белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін. 

5. Бас бостандығынан айыруды: 

1) қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде: 

абайсызда жасаған қылмыстары үшін сотталған адамдарға; 

осы Кодекстің 7, 8, 9, 12 және 13-тарауларында көзделген, күш қолданумен байланысты емес қылмыстар үшін сотталған адамдарға; 

қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген жағдайда, осы Кодекстің 15-тарауында көзделген қылмыстар үшін сотталған адамдарға; 

екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған қасақана қылмыс жасағаны үшiн алғаш рет сотталған адамдарға өтеу тағайындалады. 

Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 366-бабының 1-1, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде, 367-бабының екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде, 368-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қолданылмайды; 

2) қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде: 

бұрын бас бостандығынан айыруды өтемеген, қасақана қылмыс жасағаны үшiн екі жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға; 

бұрын бас бостандығынан айыруды өтемеген, осы Кодекстің 366-бабының 1-1, екінші және үшінші бөліктерінде, 367-бабының екінші және үшінші бөліктерінде, 368-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға; 

бұрын бас бостандығынан айыруды өтемеген, айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарға; 

3) қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде: 

бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруды өтеген, бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға; 

бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген, осы Кодекстің 366-бабының 1-1, екінші және үшінші бөліктерінде, 367-бабының екінші және үшінші бөліктерінде, 368-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға; 

бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген, айыппұл, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу бас бостандығынан айырумен ауыстырылған адамдарға; 

4) өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалады. 

Үкімдердің жиынтығы кезінде бас бостандығынан айыруды өтеу үшін осы бөліктің ерекшеліктерін ескере отырып, жиынтыққа кіретін үкімдердің бірінде белгіленген мекеменің неғұрлым қатаң түрі айқындалады. 

6. Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардан басқа, бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қылмыстардың қауiптi қайталануы кезiнде жаза мерзiмiнiң бiр бөлiгiн, бiрақ бес жылдан аспайтын мерзiмді қылмыстық-атқару жүйесінің толық қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалуы мүмкiн. 

7. Үкiммен тағайындалған мекеменiң түрін өзгертудi сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 96-бабына сәйкес жүргiзедi. 

Ескерту. 46-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.12.2020 № 384-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...43 44 46 47 48 ...467

Перейти к статье
Добавить комментарий


Новые комментарии на сайте

Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.


Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем


Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?



608/1 бап, егерде аккогольдік күйдегі мөлшері тура 0.5% жоғары болса көлік жүргізуші куалігіннен айрады, деп жазылған ал егерде тура 0.5% болса, глубокиден қаннан ал үрлеу кезеніңде 0.47% сосын барлық нормативтен өтсе қолды мұрынға тигізу жәнеде сызықтан дүзу өту, барлығын дұрыс өткен жағдайда куәліктен айырмау басқаша шаралар барма екен...


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться