Ст. 98-3 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
ҚР Қылмыстық Кодексi
98-3-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу
1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылған адамға жаза тағайындау кезінде не оны қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босату кезінде сот өз бастамасы бойынша не қылмыстық процесс тараптарының өтінішхаты бойынша оның жүріс-тұрысына үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге ерекше талаптар белгілеуі мүмкін, онда психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ:
1) жәбірленушінің кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз отбасы мүшелерін қоса алғанда, жәбірленушінің еркіне қарамастан, оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға;
2) атыс қаруын және басқа да қару түрлерін сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға;
3) алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды тұтынуға толық көлемде немесе жеке-жеке тыйым салу көзделеді.
2. Қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгіленген кезде жәбірленуші мен оның отбасы мүшелерін күзету және қорғау үшін сот айрықша жағдайларда, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамға тұрғын үйде жәбірленушімен бірге тұруға тыйым салу түрінде құқықтық ықпал ету шарасын отыз тәулікке дейінгі мерзімге қолдануға құқылы.
3. Сотталған адамның не өзіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тараптардың татуласуына орай тоқтатылған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптардың қолданылу мерзімі ішінде оған профилактикалық әңгімелесу үшін айына бір реттен төрт ретке дейін ішкі істер органдарына келіп тұру міндеттері жүктелуі мүмкін.
4. Осы Кодекстің 108-1-бабының екінші бөлігі, 109-1-бабының екінші бөлігі бойынша өзіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тараптардың татуласуына орай тоқтатылған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптардың қолданылу мерзімі ішінде оған сот шешімімен профилактикалық әңгімелесу үшін айына бір реттен төрт ретке дейін ішкі істер органдарына келіп тұру міндеті жүктеледі.
5. Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамға ерекше талаптар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 165-бабында айқындалған тәртіппен белгіленеді.
Ескерту. 7-бөлім 98-3-баппен толықтырылды – ҚР 15.04.2024 № 72-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ерекше бөлiк
1-тарау. ЖЕКЕ АДАМҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
I liked how the article draws attention to different aspects of C++ programming, particularly the importance of writing and testing code carefully. Beginners sometimes concentrate too much on getting the correct output and overlook code readability and structure. While exploring help with C++ Assignment work, I have realised that understanding compiler errors and debugging methods is equally important. The discussion of programming fundamentals is relevant because these skills are useful across different coding projects. I am also curious about how students can improve their problem-solving abilities when dealing with lengthy programs. Regular practice with smaller coding exercises seems like a sensible starting point.
я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть
Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Рекомендованные страницы
ҚР Қылмыстық Кодексi 98-1-бап. Мәжбүрлі төлем ҚР Қылмыстық Кодексi 98-бап. Жазаны орындаумен біріктірілген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары ҚР Қылмыстық Кодексi 101-бап. Аффект жағдайында жасалған адам өлтiру ҚР Қылмыстық Кодексi 100-бап. Жаңа туған баланы анасының өлтiруi ҚР Қылмыстық Кодексi 102-бап. Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған адам өлтіруРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей