Ст. 119 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481
ҚР Су Кодексi
119-бап. Су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі жер учаскелерін уақытша пайдалануға беру және су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызмет режиміне қойылатын талаптардың сақталуын бақылау
Ескерту. 119-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 20.02.2017 № 48-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Су объектiлерiнiң су қорғау белдеулерiндегi жер учаскелерi шаруашылық қызмет режимiне қойылатын белгіленген талаптарды сақтау шартымен, Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға берiлуi мүмкiн.
1-1. Су қорғау аймақтарындағы ауыл шаруашылығы алқаптарын жергілікті атқарушы органдар бассейндік инспекциялармен келісу бойынша Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес шөп шабу және мал жаю үшін жеке және заңды тұлғаларға жер пайдалануға беруі мүмкін.
2. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiндегi шаруашылық қызмет режимiне қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылауды уәкілетті органның ведомствосы, бассейндік инспекциялар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы орган, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі өздерiнiң құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
Ескерту. 119-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР-ның 2009.07.10. № 180-IV; 20.02.2017 № 48-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2021 № 59-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей