Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 23 ҚР Су Кодексi 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.11.2025

ҚР Су Кодексi
23-бап. Уәкілетті органның құзыреті

1. Уәкілетті орган:

1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік, іске асыру, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады;

2) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес су қорын қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;

3) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

4) өз құзыреті шегінде трансшекаралық су объектілерін, мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды қорғау және бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты, тараптардың халықаралық шарттарды орындауын бақылауды жүзеге асырады;

5) су қорын қорғау және пайдалану саласында ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жобалар мен даму бағдарламаларын жүргізуді ұйымдастырады;

6) ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілерінің тізбесін және олардағы шаруашылық қызмет режимдерін әзірлейді;

7) республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды пайдалануды және дамытуды ұйымдастырады;

8) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекітеді;

9) бассейндік кеңестердің қызметін ұйымдастырады, бассейндік кеңестердің өткізілген отырыстары және олардың ұсынымдары туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастырады;

10) мүдделі жеке және заңды тұлғалардың су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесінде және мемлекеттік су кадастрында қамтылған жалпыға қолжетімді ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

11) мемлекеттік су кадастрын және су объектілері мен су ресурстарына мемлекеттік мониторинг жүргізуді ұйымдастырады;

12) жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;

13) иесіз қалған, су өздігінен ағып шығатын және авариялық гидрогеологиялық ұңғымаларды зерттеп-қарау, жою және консервациялау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;

14) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізу қағидаларын бекітеді;

15) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізуді ұйымдастырады;

16) бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша:

суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізуге арналған заттай нормаларды;

суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін бағалау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде пайдалану шығындары үшін материалдар шығыстарының заттай нормаларын;

суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізу кезінде химиялық реактивтердің, зертханалық ыдыстардың және далалық керек-жарақтардың тиістілігінің заттай нормаларын бекітеді;

17) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйымның ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидаларын бекітеді;

18) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты ұйым көрсететін ақылы қызмет түрлеріне тарифтерді бекітеді;

19) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру және жерүсті су ағынын тірек гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен реттеу бойынша көрсетілетін қызметтер бөлігінде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылауды және реттеуді жүзеге асырады;

20) су қорын қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың жүзеге асырылуын үйлестіреді;

21) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес су қорын қорғау және пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және қарауға қатысады;

22) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін, оны қолдану шарттарын және осы шараның қолданылу мерзімін (қажет болған кезде) айқындайды.

Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;

23) су ресурстарын интеграцияланған басқарудың бас жоспарын және су ресурстарын қорғау мен пайдаланудың бассейндік жоспарын әзірлеу қағидаларын бекітеді;

24) экологиялық су ағынының көлемін айқындау әдістемесін бекітеді;

25) су пайдаланушылар су ысырабын азайту және қолда бар ең үздік технологияларды ендіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындамаған кезде су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту қағидаларын бекітеді;

26) гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды бекітеді;

27) ұйымдарды гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттауды жүзеге асырады;

28) гидротехникалық құрылысжайларға көпфакторлы зерттеп-қарауды жүргізу қағидаларын және гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясының нысанын бекітеді;

29) су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу қағидаларын бекітеді;

30) су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларға паспорт беруді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлар паспортының нысанын бекітеді;

31) су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын есептеу әдістемесін бекітеді;

32) су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келіседі;

33) арнаулы су пайдалануға рұқсат алуға арналған өтініш нысанын және арнаулы су пайдалануға рұқсат нысанын бекітеді;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
34) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 18.07.2025 № 215-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
34) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген жерүсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесін бекітеді;

35) мынадай:

ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау;

суарудың су үнемдейтін технологияларын ендіруге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекітеді;

36) бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасының су қоймаларын, каналдары мен гидротехникалық құрылысжайларын дамытуға мемлекеттік кепілдікпен тартылған қарыздар бойынша өтеу, қызмет көрсету және қоса қаржыландыру жөніндегі шығыстарды жабуға бюджеттен субсидиялар бөлу және субсидиялар төлеу қағидаларын бекітеді;

37) су қорын қорғау және пайдалану, су шаруашылығын дамыту саласында инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ұйымдастырады;

38) суаратын суды пайдалану қағидаларын бекітеді;

39) осы Кодекстің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес су қорын қорғау және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

40) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Уәкілетті органның ведомствосы өз қызметін уәкілетті орган белгілеген құзыреті шегінде жүзеге асырады.

Статья 1 ...21 22 23 24 25 ...134

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.


Добрый день!

Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Если я на испытательном сроке я тоже должна отрабатывать 1 месяц?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться