Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 24 ҚР Су Кодексi 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.11.2025

ҚР Су Кодексi
24-бап. Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциясының міндеттері мен функциялары

1. Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциялары (бұдан әрі – бассейндік су инспекциялары) – осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген құзырет шеңберінде су шаруашылығы бассейндері шегінде су қорын қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының өңіраралық бөлімшелері. 

2. Бассейндік су инспекциялары мынадай функцияларды жүзеге асырады: 

1) су қатынастары субъектілерінің қызметін үйлестіреді; 

2) құзыреті шегінде тиісті су шаруашылығы бассейнінің аумағында су ресурстарын пайдалануды мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттік су кадастрын жүргізеді; 

3) мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетеді: 

Қазақстан Республикасының су заңнамасында және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен арнаулы су пайдалануға рұқсатты беру, ұзарту, қайта ресімдеу, тоқтата тұру және оның қолданылуын тоқтату; 

су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды келісу; 

арнаулы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар су тарту немесе ағызу құрылысжайларының өлшеу аспаптарында және (немесе) құрылғыларында орнататын суды есепке алу аспаптарын пломбалау; 

тіркеу шифрларын беру үшін гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі декларациясын тіркеу; 

4) су қорын қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады; 

5) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес су қорын қорғау және пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды; 

6) су қорын қорғау және пайдалану бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы халыққа хабар береді; 

7) жерүсті су ағынын реттеу кезінде гидротехникалық құрылысжайлар жұмысының су режимін бекітеді; 

8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде су қорын қорғау және пайдалану саласында белгіленген нормалар мен ережелерді бұза отырып жүзеге асырылатын су шаруашылығы құрылысжайларының, гидротехникалық құрылысжайлар мен өзге де объектілердің құрылысын тоқтату туралы талаптар қояды; 

9) Қазақстан Республикасы су заңнамасының бұзылғаны туралы материалдарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұзушыларды жауапқа тарту үшін құқық қорғау органдары мен сотқа жібереді; 

10) тиісті су шаруашылығы бассейні бойынша су шаруашылығы баланстарын әзірлеуге қатысады және оны бекітеді; 

11) мыналарды: 

жер учаскесіне құқық беруді, жерге орналастыру жобасын және су қоры жерлерінің құрамынан және су қорғау аймақтары шегінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуді; 

аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, елді мекендердің бас жоспарларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын; 

су қорын қорғау, су ресурстарын пайдалану және су шаруашылығы жүйелерін дамыту жөніндегі іс-шаралар бөлігінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын; 

жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін; 

су шаруашылығы құрылысжайлары және (немесе) гидротехникалық құрылысжайлар бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін балық аулауды және аквашаруашылықты жүргізу үшін конкурсқа шығарғанға дейін келіседі; 

12) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және уәкілетті органның актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...134

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

да, можно, но не автоматически — всё зависит от законодательства о закупках и условий конкурсной документации.


Добрый день!

Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Если я на испытательном сроке я тоже должна отрабатывать 1 месяц?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться