Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 28 ҚР Су Кодексi 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.11.2025

ҚР Су Кодексi
28-бап. Жерасты суларын іздеуді, бағалауды және мониторингтеуді, суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеуді және бағалауды мемлекеттік реттеу

1. Ұлттық гидрогеологиялық қызмет жерасты суларын іздеудің, бағалау мен мониторингтеудің мемлекеттік реттелуін техникалық және сараптамалық сүйемелдеуді, сондай-ақ суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеуді және бағалауды жүзеге асырады. 

2. Ұлттық гидрогеологиялық қызмет мынадай қызметті жүзеге асырады: 

1) халықтың және экономика салаларының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жерасты суларының ресурстарымен және қорларымен қамтамасыз етілуін талдау және бағалау; 

2) жерасты су ресурстарын басқаруды цифрландыруды ұйымдастыру, гидрогеология мен геофильтрациялық және математикалық модельдер саласында дерекқорлар мен геоақпараттық жүйелерді, цифрлық, картографиялық дерекқорлар мен оларды басқару жүйелерін құру; 

3) жерасты суларына мемлекеттік мониторинг жүргізу; 

4) жерасты сулары бөлігінде мемлекеттік су кадастрын жүргізуге қатысу; 

5) жерасты суларын мемлекеттік іздеуді және бағалауды жүргізу; 

6) иесіз қалған, су өздігінен ағып шығатын және авариялық гидрогеологиялық ұңғымаларды зерттеп-қарауды, жоюды және консервациялауды жүргізу;  

7) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізу; 

8) гидрогеология және инженерлік геология бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу. 

3. Жерасты суларына мемлекеттік мониторингті, іздеуді және бағалауды, сондай-ақ суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг пен бағалауды жүргізу бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаржы көздері есебінен жүзеге асырылады. 

4. Жерасты суларын іздеу мен бағалау уәкілетті орган бекіткен жерасты суларын іздеу мен бағалауды жүргізу қағидаларына сәйкес жерасты суларының су ресурстарына мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен де жүзеге асырылуы мүмкін.
Статья 1 ...26 27 28 29 30 ...134

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

да, можно, но не автоматически — всё зависит от законодательства о закупках и условий конкурсной документации.


Добрый день!

Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Если я на испытательном сроке я тоже должна отрабатывать 1 месяц?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться