Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 46 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.11.2024

ҚР Су Кодексi
46-бап. Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемалары

1. Cу ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемалары су ресурстарын ықпалдасып басқару мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдау мақсатында әзiрленедi.  

2. Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын уәкілетті органның ведомствосы мүдделi мемлекеттiк органдардың қатысуымен ғылыми және мамандандырылған жобалау ұйымдарын тарта отырып әзiрлейдi. 

3. Кешендi схемаларда көзделетiн iс-шаралар:  

1) өндiрiс технологиясын жетiлдiру негiзiнде су ресурстарын ұтымды әрi үнемдi пайдалануға;  

2) суы аз және сусыз процестердi қолдануға;  

3) суару жүйелерiнде және сумен жабдықтау жүйелерiнде су ресурстарының қайтарымсыз ысырабын азайтуға;  

4) су ресурстарын реттеу, өзен ағындысын бассейнаралық қайта бөлу, тазартылмаған ағынды сулар ағызу көлемiн азайту есебiнен жергiлiктi су ресурстарын мүмкiндiгiнше барынша пайдалануға;  

5) қалаларды, елдi мекендердi, ауыл шаруашылығы алқаптары мен басқа да объектiлердi су басуының және топан су басуының алдын алуға бағытталуға тиiс.  

4. Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемалары уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен әзiрленедi және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады. 

Ескерту. 46-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...44 45 46 47 48 ...146

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Менің жұбайым 1 топ мүгедегі мен оның қорғаншысымын. Өзім мектепте жұмыс жасаймын, жалақымнан салық ұстамайтын заң барма


Я думаю погуглите бейсбол, в свободное время много раз в него играл, довольно интересно для такого любителя спорта, как я.



Здравствуйте. Отчисляются ли пенсионные взносы для тех, кто вышел на пенсию как многодетная мать с 5-мя детьми?


ҚР Еңбек кодексі 126-2-бап бойынша өзгеде кепілдіктері беріледі деген. Сол өзгеде кепілдіктерді толық қайдан қарауға болады?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться