Ст. 49 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481
ҚР Су Кодексi
49-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар
1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды өз құзыретi шегiнде мыналар жүзеге асырады: 1) уәкілетті орган, уәкілетті органның ведомствосы және бассейндік инспекциялар;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органы;
3) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкiлеттi орган;
4) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган;
5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган;
6) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган;
7) фитосанитарлық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
8) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары.
2. Уәкiлеттi органның ведомствосы мемлекеттiк органдардың су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн үйлестiредi.
3. Уәкілетті органның ведомствосы және бассейндік инспекциялар:
1) су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын, олардағы және ерекше қорғалатын су объектiлерiндегi шаруашылық қызметiнiң белгiленген режимiнiң сақталуын;
2) трансшекаралық сулар туралы халықаралық келiсiмдердiң шарттары мен талаптарының орындалуын;
3) су тұтыну және су бұру лимиттерінің сақталуын;
4) су тарту құрылыстарын, су шаруашылық жүйелерiн және су қоймаларын пайдалану ережелерiнiң сақталуын;
5) су объектiлерiнен алынатын және оларға ағызылатын су мөлшерiнің бастапқы есебін жүргiзудiң дұрыстығын, суды тұтыну мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйiн және мемлекеттiк аттестаттау мерзiмдерiнiң сақталуын, су пайдаланушылардың белгiленген есептiлiк мерзiмдерiн сақтауын;
6) жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға берiлген рұқсаттарда белгiленген шарттар мен талаптарды, сондай-ақ судың зиянды әсерiне (топан су, су басу, су алу, жағалауларды бұзу және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөнiндегi iс-шараларды орындауын;
7) су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға берудiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақталуын;
8) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
9) белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжаттаманың болуын және оның экономика салаларының объектiлерiн салуға, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға су объектiлерiн, су қорғау аймақтары мен белдеулерiн пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметiне сай келуiн;
10) су объектілерін өз бетімен пайдалануға жол берілмеуін бақылауды жүзеге асырады.
11) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы, азаматтық қорғау, ветеринария, өсімдіктер карантині саласындағы уәкiлеттi органдар, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық cаламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган және жергiлiктi атқарушы органдар:
1) өз құзыретiне сәйкес су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
2) су қорының сапалық және сандық жай-күйiнiң өзгеруiн тексерудi және сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;
3) су заңнамасының бұзылуын жою шараларын қабылдайды;
4) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мәселелерге қатысты нормативтiк құқықтық құжаттар дайындауға қатысады;
5) су объектiлерiне белгiленген талаптарды бұза отырып жүргiзiлген ағынды су ағызуды тоқтата тұру және оған тыйым салу туралы, сондай-ақ су объектiлерiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн жекелеген өндiрiс объектiлерiнiң, цехтар мен кәсiпорындардың қызметiне тыйым салу туралы белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзедi.
Ескерту. 49-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12. N 222 (жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?
Как оплачиваются замена воспитателей во время отпуска
608/1 бап, егерде аккогольдік күйдегі мөлшері тура 0.5% жоғары болса көлік жүргізуші куалігіннен айрады, деп жазылған ал егерде тура 0.5% болса, глубокиден қаннан ал үрлеу кезеніңде 0.47% сосын барлық нормативтен өтсе қолды мұрынға тигізу жәнеде сызықтан дүзу өту, барлығын дұрыс өткен жағдайда куәліктен айырмау басқаша шаралар барма екен...
Читать еще раз
Конституция РК Статья 95. Конституция РК Статья 16. ҚР Су Кодексi 81-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы нормалау ҚР Су Кодексi 84-бап. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлер нормативтерi ҚР Орман кодексi 45-бап. Мемлекеттiк орман қорын санаттарға жатқызу, бiр санаттан екiншi санатқа ауыстыру, сондай-ақ ерекше қорғаныштық учаскелердi бөлуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей