Ст. 55 ҚР Су Кодексi 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ
ҚР Су Кодексi
55-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі
1. Осы бапта түрлері көзделген, тексеруді және (немесе) мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу барысында және (немесе) соның нәтижелері бойынша қолданылатын мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) ықпал ету тәсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады.
2. Жедел ден қою шаралары мынадай түрлерді қамтиды:
1) су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту;
2) арнаулы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру;
3) арнаулы су пайдалануға рұқсаттан айыру.
3. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтар жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.
4. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жедел ден қою шаралары бассейндік су инспекцияларының немесе олардың лауазымды адамдарының профилактикалық бақылау немесе тексеру шеңберінде анықталған мынадай:
1) осы Кодекстің 66-бабының 2-тармағына сәйкес бассейндік келісімдерде көзделген міндеттемелерді белгіленген мерзімдерде орындамау;
2) басқа су пайдаланушылар мен табиғат пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүддесінің бұзылуына алып келетін су пайдаланудың рұқсат етілген көлемінен асыру;
3) осы Кодекстің 45-бабы 4-тармағының 7) тармақшасында көзделген суды алу және ысырап ету көлемін азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарларын орындамау не бұзу;
4) су шаруашылығы құрылысжайлары мен судың жай-күйіне әсер ететін техникалық құрылғыларды ақаулы күйде ұстау;
5) су тарту және су ағызу құрылысжайларында өлшеу құралдарының немесе су өлшеу аспаптарының болмауы;
6) су пайдаланғаны үшін төлемақыны уақтылы жүзеге асырмау негіздерінің бірі бойынша су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту құқығын көздейді.
5. Бассейндік су инспекциясы осы баптың 4-тармағының 1), 3) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, су пайдаланудың рұқсат етілген көлемдерін азайтуды осы Кодекстің 40-бабында белгіленген талаптарды сақтай отырып, жедел лимиттерді жыл сайын айқындаған кезде жүзеге асырады.
Осы баптың 4-тармағының 2), 4) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда, бассейндік су инспекцияларының лауазымды адамдарының су пайдаланудың рұқсат етілген көлемдерін азайтуға құқығы бар.
Бұл ретте осы баптың 4-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда (егер бұл жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүддесіне нұқсан келтіру, қоршаған ортаға залал келтіру қаупін төндірсе), бассейндік су инспекцияларының лауазымды адамдары берген су пайдаланудың рұқсат етілген көлемдерін азайту түріндегі жедел ден қою шарасын қолдану туралы қаулыны мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектісіне қаулы табыс етілген кезден бастап мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектісі дереу орындауға тиіс.
6. Су пайдаланудың рұқсат етілген көлемдерін азайту мөлшерлері уәкілетті орган айқындаған су пайдаланудың рұқсат етілген көлемдерін азайту тәртібіне сәйкес қабылданады.
7. Бассейндік су инспекциясының лауазымды адамы тексеруді және (немесе) мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын талаптарды бұзу фактісі анықталған кезде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны ресімдейді.
Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес ресімделеді және мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
8. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны қолма-қол табыс еткен кезде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба енгізіледі және жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны қабылдаудан бас тарту фактісін тіркеп-белгілейтін бейнежазба жүзеге асырылады.
Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектісінің заңды мекенжайы, тұрған жері немесе нақты мекенжайы бойынша оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберіледі.
9. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
10. Тексеруді және (немесе) мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын талаптарды бұзушылықтар тексеру және (немесе) мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері туралы актіде, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы қаулыда көрсетіледі.
11. Мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болатын талаптардың анықталған бұзушылықтарын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.
12. Тексеру және (немесе) мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған талаптарды бұзушылықтарды жою мерзімдері өткен соң жедел ден қою шарасын қолдануға негіз болатын талаптардың анықталған бұзушылықтарының жойылуын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Мемлекеттік су инспекторы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын талаптардың анықталған бұзушылықтарының жойылуын растаған жағдайда, жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының күші тоқтатылады.
13. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын талаптардың анықталған бұзушылықтары жойылмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту шаралары қабылданады.
14. Мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, талаптардың анықталған бұзушылықтарын жою туралы ақпарат беруге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат берілген жағдайда, осы баптың 12-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
15. Мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген тексерудің және (немесе) мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелерімен келіспеген жағдайда, жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.
Шағым беру жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұрмайды.
16. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны жарамсыз деп тану және оның күшін жою үшін:
1) жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіздердің болмауы;
2) жедел ден қою шарасын осы шараға сәйкес келмейтін негіз бойынша қолдану;
3) бассейндік су инспекциясының өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы;
4) Кәсіпкерлік кодекстің 153-бабында белгіленген жедел ден қою шараларын келісу және қабылдау тәртібін сақтамау негіз болып табылады.
17. Жедел ден қою шарасының қолданылуы туралы ақпарат мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі.
Лучшие юристы





Статьи 212 часть 1 и 212 часть 2 противоречат друг другу, в связи с чем недобросовестные нотариусы оформляют фиктивные сделки. Акт дарения фактически является сделкой по отчуждению, ограничивающая действия по отчуждению без согласия всех собственников в общедолевой собственности. Этим пользуются недобросовестные наследники и нотариусы.
госслужба в казахстане погрязла в коррупций клановая система, брат, сват, агашка,
татешка, кум, кума и т.д.т.п.
Статья 10 в старой редакции. Как может быть проверенно 25.05.2025. Таким образом люди вводятся в заблуждение.
в законе написано что он утратил силу. где найти другой закон, не утративший силу? зачем вообще я читаю законы, которые утратили силу?
Срок предоставления ответа 5 дней проверьте изменение
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей