Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 54 ҚР Су Кодексi 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.06.2025

ҚР Су Кодексi
54-бап. Су қорын қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

1. Мыналар су қорын қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар болып табылады: 

1) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы; 

2) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік инспекторының орынбасары; 

3) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік инспекторлары; 

4) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік инспекторлары; 

5) су шаруашылығы бассейндерінің бас мемлекеттік инспекторлары; 

6) су шаруашылығы бассейндері бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары; 

7) су шаруашылығы бассейндерінің аға мемлекеттік инспекторлары; 

8) су шаруашылығы бассейндерінің мемлекеттік инспекторлары. 

2. Уәкілетті органның бірінші басшысының орынбасары су қорын қорғау және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы болып табылады. 

Уәкілетті орган ведомствосының бірінші басшысы су қорын қорғау және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік инспекторының орынбасары болып табылады. 

Осы баптың 1-тармағының 3) – 8) тармақшаларында аталған лауазымды адамдарды уәкілетті орган тағайындайды. 

Уәкілетті органның мемлекеттік бақылау жасайтын құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын осы баптың 1-тармағында аталған лауазымды адамдарға жатқызу тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 

Уәкілетті органның табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлері каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ тірек гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жерүсті су ағынын реттеу бойынша көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар болып табылады.
Статья 1 ...52 53 54 55 56 ...134

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Статьи 212 часть 1 и 212 часть 2 противоречат друг другу, в связи с чем недобросовестные нотариусы оформляют фиктивные сделки. Акт дарения фактически является сделкой по отчуждению, ограничивающая действия по отчуждению без согласия всех собственников в общедолевой собственности. Этим пользуются недобросовестные наследники и нотариусы.


госслужба в казахстане погрязла в коррупций клановая система, брат, сват, агашка,

татешка, кум, кума и т.д.т.п.


Статья 10 в старой редакции. Как может быть проверенно 25.05.2025. Таким образом люди вводятся в заблуждение.


в законе написано что он утратил силу. где найти другой закон, не утративший силу? зачем вообще я читаю законы, которые утратили силу?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться