Ст. 61 ҚР Су Кодексi 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ
ҚР Су Кодексi
61-бап. Су шаруашылығын мемлекеттік қолдау, су қорын қорғау және пайдалану, елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы инновациялық, инвестициялық қызметті және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті мемлекеттік қолдау
1. Су қорын қорғау және пайдалану, елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы инновациялық, инвестициялық қызмет және мемлекеттік-жекешелік әріптестік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асырылады және: 1) құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайларды қалыптастырумен;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етіледі.
2. Су қорын қорғау және пайдалану, елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы инвестициялық саясаттың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) орталықтандырылған инвестициялар есебінен, мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды дамытуды мемлекеттік қолдау;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы инвестициялар тартуды ынталандыру;
3) қарыздарды, оның iшiнде мемлекеттiк кепiлдiктермен тарту практикасын кеңейту;
4) инвестицияларға жіберілетін бюджет қаражатының жұмсалуын мемлекеттік бақылау.
3. Су қорын қорғау және пайдалану, елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік қолдаудың негізгі түрлері мыналар болып табылады:
1) мемлекеттiк меншiктегi және су беруге байланысты емес су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану шығындарын қаржыландыру;
2) мемлекетаралық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды салу және пайдалану шығындарын қаржыландыру;
3) суарылатын жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу және бағалау шығындарын қаржыландыру;
4) мемлекеттік меншіктегі тірек гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру;
5) табиғат қорғау мақсатындағы су жіберуді жүзеге асыру шығындарын қаржыландыру;
6) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру;
7) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік мекемелерді күтіп-ұстау;
8) су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды реконструкциялауға және дамытуға қаржы ресурстарын, оның ішінде қарыз қаражатын тарту;
9) су үнемдеу (қолда бар ең үздік технологиялар), су ысырабын азайту жобаларын ендіруге қаржы ресурстарын, оның ішінде қарыз қаражатын тарту;
10) ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау;
11) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу және субсидиялау;
12) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау;
13) суарудың су үнемдейтін технологияларын ендіруге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шеккен шығыстардың бір бөлігін субсидиялау;
14) Қазақстан Республикасының су қоймаларын, каналдары мен гидротехникалық құрылысжайларын дамытуға мемлекеттік кепілдікпен тартылған қарыздар бойынша өтеу, қызмет көрсету және қоса қаржыландыру жөніндегі шығыстарды жабуға бюджеттен субсидиялар бөлу және субсидияларды төлеу;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеңілдікті және ұзақ мерзімді кредиттер мен басқа да преференциялар беру.
Лучшие юристы





Племянник угнал машину. Прав не имеет. Я на ней езжу по страховке. Собственник другой человек. Племяннику штраф выписали. Но так же выписали за передачу руля. Кому он придёт? Тому, кто в техпаспорте или тому, кто в страховке? Как избежать такого штрафа, если машину взяли без моего ведома?
2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?
Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей