Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 62 ҚР Су Кодексi 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 31.10.2026

ҚР Су Кодексi
62-бап. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы қолда бар ең үздік технологиялар

1. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы қолда бар ең үздік технологиялар (бұдан әрі – қолда бар ең үздік технологиялар) – су үнемдеу, су шығыстарының үлестік нормаларын төмендету, су төгінділерін азайту немесе шектеу үшін нақты шара ретінде өзінің практикалық жарамдылығын дәлелдеген, су қорын қорғау және пайдалану саласында қолданылатын техникалық құрылғыларды, аспаптарды, аппараттарды, құрылысжайларды пайдалану процестері мен әдістерін әзірлеудегі соңғы жетістіктер. 

2. Қолда бар ең үздік технологияларды іріктеу өлшемшарттары мыналар болып табылады: 

1) су ресурстарын ұтымды пайдалану бөлігінде соңғы үш жылда сәтті сынамаланған техникалық құрылғыларды, аспаптарды, аппараттарды, құрылысжайларды пайдалану процестері мен әдістері; 

2) экономикалық тұрғыдан орындылығын ескере отырып, осындай технологияны қолдану мүмкіндігі; 

3) осы технологияларды қысқа мерзімде орнату мүмкіндігі; 

4) суды аз пайдаланатын немесе суды пайдаланбайтын технологияларды қолдану; 

5) сарқынды суларда ластағыш заттардың концентрациясын азайту. 

3. Уәкілетті орган қолда бар ең үздік технологиялардың тізбесін қалыптастырады және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады. 

4-БӨЛІМ. СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЖАЙЛАРЫ МЕН ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЖАЙЛАР. ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ, БАССЕЙНДІК КЕҢЕС ЖӘНЕ БАССЕЙНДІК КЕЛІСІМДЕР

8-тарау. СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҰЙЫМДАРЫ. ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ, БАССЕЙНДІК КЕҢЕС ЖӘНЕ БАССЕЙНДІК КЕЛІСІМДЕР

Статья 1 ...60 61 62 63 64 ...134

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?


Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться