Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 65 ҚР Су Кодексi 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.11.2025

ҚР Су Кодексi
65-бап. Бассейндік кеңес

1. Бассейндік кеңес – тиісті бассейннің су объектілері шегінде құрылатын консультативтік-кеңесші орган. Бассейндік кеңестің құрамы мен қызметі туралы ережені тиісті бассейндік су инспекциясы бекітеді. 

2. Бассейндік кеңес су пайдаланушылар өкілдерінен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының басшыларынан, осы Кодекстің 25-бабында аталған мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің басшыларынан мүдделер теңгерімі негізінде қалыптастырылады. Бассейндік кеңестің құрамына сарапшылар, су пайдаланушылардың қоғамдық бірлестіктерінің не өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өкілдері де кіруі мүмкін.  

Бассейндік кеңестің құрамы су шаруашылығы бассейнінің шегінде орналасқан әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктің өкілдерінен тең арақатынаста қалыптастырылады.  

Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған жергілікті өкілді және атқарушы органдардың және мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары бассейндік кеңестердің отырыстарына қатысуға міндетті. 

3. Бассейндік кеңестің жұмысын ұйымдастыру бассейндік су инспекциясына жүктеледі. Бассейндік кеңестің отырыстары жылына кемінде екі рет өткізіледі. 

4. Бассейндік кеңес су қорын қорғау және пайдалану саласындағы өзекті мәселелерді, атап айтқанда бекіту жоспарланып отырған су пайдаланудың жедел лимиттерін, су объектілерін қалпына келтіру және қорғау туралы бассейндік келісімдерді іске асыру барысын қарайды, уәкілетті органға және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына су қорын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша ұсынымдар (бұдан әрі – ұсынымдар), оның ішінде: 

су пайдаланушылардың түріне, сумен қамтамасыз етілуіне және бассейндегі гидрологиялық жағдайға байланысты су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту тәртібі; 

судың зиянды әсерінің алдын алу және жою және (немесе) жасанды түрде болатын қуаңшылықты болғызбау жөніндегі шаралар; 

жергілікті атқарушы органдардың су қорын қорғау және пайдалану саласында өздеріне осы Кодекспен жүктелген функциялардың жол берілген бұзушылықтарын жоюы жөніндегі шаралар;  

бассейндік жоспарларды жаңарту туралы ұсынымдар енгізеді. 

5. Бассейндік кеңестің отырыстары хаттамамен ресімделеді, отырыстың қорытындысы бойынша ұсынымдар шығарылады. Хаттамаға бассейндік кеңестің төрағасы қол қояды. 

6. Бассейндік кеңестердің ұсынымдары уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады. 

7. Бассейндік кеңестің ұсынымдары бас жоспар мен бассейндік жоспарды, сондай-ақ аумақтық және салалық даму жоспарлары мен бағдарламаларын, ғылыми зерттеулер мен кадрлар даярлау жоспарларын әзірлеу кезінде ескеріледі.

Статья 1 ...63 64 65 66 67 ...134

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.


Добрый день!

Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Если я на испытательном сроке я тоже должна отрабатывать 1 месяц?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться