Ст. 66 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481
ҚР Су Кодексi
66-бап. Арнайы су пайдалану
1. Мынадай құрылыстар мен техникалық құрылғыларды:
1) суды жер үсті қабатынан және теңіз суларынан механикалық және өз ағысымен тарту жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылыстарды;
2) өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, коллекторлы-сорғыту, жауын-шашынды және басқа да қалдық суларды жер үсті және теңіз суларына ағызуға арналған су бұру құрылыстарын;
3) сарқынды суларды табиғи биологиялық тазартуға арналған жасанды су объектілеріне және жергілікті жер бедеріне сарқынды суларды бұруға арналған құрылыстарды;
4) бөгеттерді және басқа да суды тежейтін және суды реттейтін құрылыстарды (соның ішінде уақытша бөгеу құрылыстарын);
5) гидравликалық электр станцияларын;
6) сумен жабдықтауға, пайдаланылған суды ағызуға, сондай-ақ суды суытуға арналған жылу және атом электр станцияларының су шаруашылығы құрылыстарын;
7) суару, суландыру, суару-суландыру және құрғату жүйелерін;
8) жер асты суларын алу және өзге де мақсаттар, соның ішінде жерасты суларының жай-күйіне әсер ететін құрғату, су деңгейін төмендету және табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу үшін сорғы қондырғыларымен және басқа да суды көтеру құралдарымен жабдықталған су тарту құрылыстарын;
9) қалдық суларды және басқа да суды жер қойнауына ағызуға арналған су ағызу құрылыстарын (ұңғымалар, құдықтар, шахталар);
10) шахталардан, карьерлерден, штольнялардан, разрездерден алу үшін пайдаланылатын тау-кен қазындыларының су бұру құрылыстарын;
11) су деңгейін мәжбүрліктен төмендетпей жұмыс істейтін, жер асты суларын алу үшін өздігінен шығатын ұңғымаларды, шахта құдықтарын, бұлақтар шегендеулерін және басқа да шағын құрылыстарды;
12) жер асты су тұтқыш қабаттарға және тау-кен жыныстары қуыстарына өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, сорғыту және басқа да қалдық суларды, технологиялық ерітінділерді ағызуға арналған сіңіргіш ұңғылар мен құдықтарды;
13) қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру кезінде көмірсутегі шикізатын әзірлеу және жерасты қабатын шаймалау кезінде жер қыртысы қысымын ұстау үшін қысым айдағыш ұңғымаларды;
14) судың жай-күйіне әсер ететін басқа да техникалық құрылғыларды қолдана отырып, халықтың ауыз су және шаруашылық мұқтаждарын, ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің, энергетиканың, балық шаруашылығының және көліктің суға қажеттіктерін қанағаттандыру, сондай-ақ өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, сорғытылған және басқа да қалдық суларды ағызу үшін тікелей су объектісінен алып немесе алмай-ақ жер үсті және жер асты су ресурстарын пайдалану арнайы су пайдалануға жатады.
2. Арнайы су пайдалануды жеке және заңды тұлғалар рұқсаттың негізінде, тек қана сонда айқындалған мақсаттар үшін жүзеге асырады және басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға және экологиялық залал келтірмеуге тиіс.
Халықтың ауызсу мұқтажын қанағаттандыруға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суын пайдалануға арналған рұқсат осы Кодекстің 90-бабы 5-тармағының талаптарына сәйкес беріледі.
3. Алып тасталды - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Арнайы су пайдалану:
1) мынадай су тарту құрылысжайларын: шахталы және құбырлы сүзгіш құдықтарды, сондай-ақ орталықтандырылған сумен жабдықтау үшін пайдаланылмайтын су тұтқыш қабаттың үстіңгі бетінің біріншісінен тәулігіне барлық жағдайда елу текше метрден көп емес су алынып, деңгейі мәжбүрлі төмендетілмей жұмыс істейтін шегендеу құрылысжайларын пайдалану;
2) кеменің және оның технологиялық жабдығының жұмысын қамтамасыз ету үшін су объектілерінен кемелердің су тартуы;
3) пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру кезінде ілеспе алынған жерасты (шахта, карьер, кеніш) суларын алуға (айдап шығаруға) рұқсат талап етілмейді.
5. Арнайы су пайдалануға рұқсатты бассейндік инспекциялар бередi.
6. Арнайы су пайдаланудың мынадай түрлеріне рұқсаттар беріледі:
1) пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру кезінде ілеспе алынған жерасты (шахта, карьер, кеніш) суларын, өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, сорғытылған, сарқынды және басқа да суларды жерүстi су объектiлеріне, жер қойнауына, су шаруашылығы құрылысжайларына немесе жер бедеріне ағызу;
2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген құрылысжайларды немесе техникалық құрылғыларды қолдана отырып, жерасты суларын тарту және (немесе) пайдалану;
3) осы баптың 1-тармағында аталған құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолдана отырып, жер үсті суларын тарту және (немесе) пайдалану (бұдан әрі – жер үсті суларын тарту және (немесе) пайдалану).
7. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8. Арнайы су пайдалануға рұқсаттар:
1) балансында олардың көмегімен арнайы су пайдалану жүзеге асырылатын, белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкес келетін құрылысжайлары немесе техникалық құрылғылары;
2) суды есепке алу құралдары;
3) сарқынды суларды беруге немесе қабылдауға өтінімдерімен қайталама су пайдаланушылардың тізбесі;
4) шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерүсті және (немесе) жерасты суларын тарту кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы;
5) жерасты суларын тарту және (немесе) пайдалану кезінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен су пайдалану шарттарына келісімі бар жеке немесе заңды тұлғаларға беріледі. Минералды жерасты суларын қоспағанда, тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде жерасты суларын тарту және (немесе) пайдалану кезінде келісім талап етілмейді.
9. Алып тастау көзделген - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
10. Арнайы су пайдалануға рұқсатты ресiмдеу үшiн өтiнiш берушi бассейндік инспекцияларға мынадай құжаттарды:
1) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтінішті;
2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;
3) су шаруашылығы құрылысының, гидромелиоративтік жүйелердің немесе құрылғылардың паспортын;
4) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6) су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есептеулерді ұсынатын ауызсу мұқтаждықтары үшін су ресурстарын су дайындау және (немесе) су тұтынушыларға жеткізу үшін алып қоюды, тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі қызметті, су объектiлерiн олардан су ресурстарын алып қоймай пайдалануды, ілеспе алынған жерасты (шахта, карьер, кеніш) суларын ағызуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларды қоспағанда, су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын есептеулерді;
7) жерүсті және (немесе) жерасты суларын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін алған кезде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны;
8) сарқынды суларды беруге немесе қабылдауға өтінімдерімен қайталама су пайдаланушылардың тізбесін;
9) су тартуды есепке алу құралдарының болуы туралы мәліметтер ұсынады.
10-1. Бассейндік инспекциялар минералды жерасты суларын қоспағанда, тәулігіне елу текше метрден бастап алу лимиттерімен жерасты суларын тартуға және (немесе) пайдалануға арнайы су пайдалануға рұқсат беру үшін құжаттарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне осы су пайдалану шарттарын келісу үшін сұрау салу жібереді.
Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері бес жұмыс күні ішінде бассейндік инспекцияларға оң не теріс қорытынды ұсынуға міндетті.
2018 жылғы 29 маусымға дейін бұрғыланған ұңғымалар бойынша жерасты суларының баланстық қорлары болмаған жағдайда, келісу жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органда жерасты суларының қорларын бағалау және оларға сараптама жасау мақсатында берілген арнайы су пайдалануға рұқсат шеңберінде мониторингтік зерттеулер жүргізу шартымен үш жылға дейінгі мерзімге беріледі.
11. Алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
12. Гидроэнергетика мақсаттары үшін су объектілерін пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін осы баптың 10-тармағында аталған құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:
1) гидроэлектр станциясының белгіленген қуаты туралы деректер;
2) энергетикалық, су ағызу және өзге де құрылыстардың өткізу қабілеті туралы мәліметтер;
3) балық қорғау және балық жіберу құрылыстары туралы мәліметтер;
4) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) гидроэнергетика мұқтаждарына су ресурстарын пайдаланудың мәлім етілген көрсеткіштері туралы деректер.
13. Суды алмастан жер үсті қабатындағы су объектілерін пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін осы баптың 10-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:
1) кеменің техникалық сипаттамалары;
2) кеменің тіркелген порты (тіркелу орны) көрсетіле отырып оны пайдалануға Кеме қатынасы тіркелімінің рұқсаты;
3) кемеде құралатын қалдық сулардың, қалдықтар мен шығарындылардың бүкіл көлемін қабылдау үшін жағалау және жүзбелі құрылғылармен қамтамасыз етілуі туралы деректер;
4) су объектісінің және қоршаған ортаның жай-күйіне келеңсіз әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілерді пайдалану және жұмыстарды жүргізу кезінде акватория учаскесіндегі су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер.
14. Арнайы су пайдалануға рұқсатты бассейндік инспекциялар өтiнiш берушi осы Кодекске сәйкес ұсынған барлық қажеттi құжаттармен бірге өтiнiш берген күннен бастап он жұмыс күнінен кешiктiрмей бередi.
14-1. Арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданыс мерзімі осы Кодекстің 70-бабына сәйкес айқындалады.
15. Заңды тұлға атауының өзгеруі және (немесе) оның орналасқан жерінің өзгеруі, жеке тұлға тегінің, атының, әкесінің атының (ол болған кезде) өзгеруі, дара кәсіпкерді қайта тіркеу жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша өтінішінің негізінде арнайы су пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеуді талап етеді.
Өтініш бассейндік инспекцияға өзгерістер болған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде заңды тұлға атауының өзгергені және (немесе) оның орналасқан жерінің өзгергені, жеке тұлға тегінің, атының, әкесінің атының (ол болған кезде) өзгергені, дара кәсіпкердің қайта тіркелгені туралы растайтын құжаттар қоса беріле отырып жіберіледі.
Арнайы су пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеу кезінде оның нөмірі, шарттары және қолданыс мерзімі өзгеріссіз қалады. Рұқсат беру құжатының жоғарғы оң жақ бұрышына "Қайта ресімделді" деген белгі соғылады.
Арнайы су пайдалану шарттарының өзгеруі арнайы су пайдалануға жаңа рұқсат алуды талап етеді.
Арнайы су пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеуді бассейндік инспекциялар осы Кодекске сәйкес өтініш беруші ұсынған барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
15-1. Егер су пайдалану шарттары өзгеріссіз қалған жағдайда, арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданыс мерзімі жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша өтініші негізінде ұзартылуы мүмкін.
Арнайы су пайдалануға рұқсатты ұзартуды бассейндік инспекциялар осы Кодекске сәйкес өтініш беруші ұсынған барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
16. Арнайы су пайдалануға рұқсат берген бассейндік инспекция оның қолданысын мынадай:
1) арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін ұсынылған мәліметтердің анық еместігі анықталған;
2) Қазақстан Республикасының су және экологиялық заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған;
3) осы Кодекстің 74-бабында көзделген су пайдалану құқығы шектелген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тоқтата тұрады.
Тексеру барысында осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген фактілер анықталған кезде бассейндік инспекция мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою туралы нұсқама береді. Белгіленген мерзім өткеннен кейін бассейндік инспекция бұзушылықты жою фактісін анықтау тұрғысынан қайталап тексеру жүргізеді.
Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда бассейндік инспекция қайталап тексеруді жүргізген кезден бастап он жұмыс күні ішінде тоқтата тұрудың себебі мен мерзімін көрсете отырып, арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы негізінде арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрған жағдайда, бассейндік инспекция рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрудың себебін көрсете отырып, жеке немесе заңды тұлғаны хабардар етумен ғана шектеледі.
Ескерту. 66-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.07.2013 № 132-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2015 № 322-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
в каком документе указано, что родители, обучающихся в 1-4 классах, обязаны привести и забрать ребенка из рук в руки классному руководителю? подскажите
Менің жұбайым 1 топ мүгедегі мен оның қорғаншысымын. Өзім мектепте жұмыс жасаймын, жалақымнан салық ұстамайтын заң барма
Я думаю погуглите бейсбол, в свободное время много раз в него играл, довольно интересно для такого любителя спорта, как я.
hello, i need to
Здравствуйте. Отчисляются ли пенсионные взносы для тех, кто вышел на пенсию как многодетная мать с 5-мя детьми?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей