Ст. 94 ҚР Су Кодексi 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ
ҚР Су Кодексi
94-бап. Елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйесі
1. Елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйесі су тұтынушыларға ауызсу алу, дайындау, сақтау, тасу және беру үшін қызмет етеді. Елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйесі мынадай болып бөлінеді:
1) орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі – су тұтынушыларға ауызсу алуға, дайындауға, сақтауға, тасуға, беруге және таратуға арналған инженерлік желілер мен құрылысжайлар кешені;
2) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйесі – ауызсуды құбыржолдар арқылы тасымай алуға, дайындауға, сақтауға және беруге арналған су тарту және су тазарту құрылысжайлары.
2. Елді мекеннің сумен жабдықтау жүйесінің құрамдас элементтері мыналар болып табылады:
1) су тарту құрылысжайлары;
2) су құбыржолы тазарту құрылысжайлары;
3) реттегіш науалар;
4) сорғы станциялары;
5) сутартқыштар;
6) тарату желілері;
7) ғимараттарға кіргізу орындары;
8) ішкі сумен жабдықтау жүйелері;
9) суды есепке алу тораптары.
3. Орталықтандырылған ауызсумен жабдықтау халықты, тамақ өнеркәсібі ұйымдарын, әлеуметтік мақсаттағы, денсаулық сақтау және елді мекеннің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерін ауызсумен бірінші кезекте қамтамасыз етуге арналған.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталмаған тұтынушыларды ауызсумен қамтамасыз етуге тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларына сәйкес сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым айқындайтын жеткілікті су қорлары, сумен жабдықтау жүйесінің қуаты және техникалық мүмкіндігі болған кезде және инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға техникалық шарттардың талаптары орындалған кезде жол беріледі.
4. Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға техникалық шарттарсыз ауызсумен жабдықтау жүйелеріне өз бетінше қосылуға тыйым салынады.
Жергілікті атқарушы органдар орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау жүйелерін есепке алуды жүргізеді және су сапасының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырады.
Лучшие юристы





Статьи 212 часть 1 и 212 часть 2 противоречат друг другу, в связи с чем недобросовестные нотариусы оформляют фиктивные сделки. Акт дарения фактически является сделкой по отчуждению, ограничивающая действия по отчуждению без согласия всех собственников в общедолевой собственности. Этим пользуются недобросовестные наследники и нотариусы.
госслужба в казахстане погрязла в коррупций клановая система, брат, сват, агашка,
татешка, кум, кума и т.д.т.п.
Статья 10 в старой редакции. Как может быть проверенно 25.05.2025. Таким образом люди вводятся в заблуждение.
в законе написано что он утратил силу. где найти другой закон, не утративший силу? зачем вообще я читаю законы, которые утратили силу?
Срок предоставления ответа 5 дней проверьте изменение
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей