Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 68 Неке және отбасы туралы


Утратил силу

Неке және отбасы туралы
68-бап. Ата-ана құқығынан айыру тәртiбi

1. Ата-ана құқығынан айыру сот тәртiбiмен жүргiзiледi.

Ата-ана құқығынан айыру туралы iстер ата-аналардың бiреуiнiң (олардың орнындағы адамдардың), кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөнiндегi мiндеттер жүктелген органдардың немесе ұйымдардың (қорғаншы және қамқоршы органдардың, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi комиссияның жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердiң және басқаларының) арызы бойынша, сондай-ақ прокурордың талабы бойынша қаралады. 2. Ата-ана құқығынан айыру туралы iстер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен қаралады. 3. Ата-ана құқығынан айыру туралы iстi қарау кезiнде сот ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардан (олардың бiреуiнен) алимент өндiрiп алу туралы мәселенi шешедi. 4. Егер сот ата-ана құқығынан айыру туралы iстi қарау кезiнде ата- аналардың (олардың бiреуiнiң) iс-әрекетiнен қылмыстық жазаланатын әрекеттi байқаса, мұны жеке қаулымен прокурор назарына жеткiзуге мiндеттi. 5. Сот ата-ана құқығынан айыру туралы соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш күннiң iшiнде бұл шешiмнiң көшiрмесiн баланың тууын мемлекеттiк тiркеу орны бойынша азаматтық хал актiлерiн жазу органы мен қорғаншы және қамқоршы органға жолдауға мiндеттi.
Статья 1 ...66 67 68 69 70 ...213

Перейти к статье
Коментарии пользователей

Салеметсиз бе, Дастан! Туган ана, оз балаларын еш уақытта тастамайды, бул жерде бир шикилик бар сияқты. Оданда озара татуласып, жолдасынызбен жылы сойлессениз менин ойымша бари оз орнына келер еді. Ал сиз болсаныз айелинизден ажырасып кана коймадыныз, еки кызын алып койып отырсыз. Енді ана кукыгынан айыруга Алладан корыксанызшы!!! Ай, Алла сизге сабыр бере корсин!

0   0

Ассалаумағалейкум...ажырасканыма 3жылдан асты...екі кызым колымда құдайға шүкір...осы кезге дейін аналары хабарласкан емес кыздарын іздеп...бір ретте...аналық құғынан айырғым келедііі...жауап күтемін...

0   0






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться