Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 44 Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы
44-бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың қызметi

1. Кез келген автор, оның мұрагерi немесе осы Заңның 2 және 3-тарауларына сәйкес қорғалатын авторлық және сабақтас құқықтардың өзге де иесi өздерiнiң мүлiктiк құқықтарын мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымға беруге құқылы, ал ұйым, егер құқықтардың мұндай санатын басқару осы ұйымның жарғылық қызметiне жататын болса, бұл құқықтарды ұжымдық негiзде жүзеге асыруды өз мойнына алуға мiндеттi. Аталған ұйымдардың ұжымдық негiзде басқару үшiн алынған туындыларды және сабақтас құқықтардың объектiлерiн пайдалануға құқығы жоқ.  

2. Осы Заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес алынған өкiлеттiктер негiзiнде мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйым туындыларды және сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдаланудың тиiстi тәсiлдерiне пайдаланушылармен лицензиялық шарттар жасасады. Мұндай лицензиялық шарттардың талаптары бiр санаттағы барлық пайдаланушыларға бiрдей болуға тиiс. Аталған ұйымдардың пайдаланушыға лицензиялық шарт жасасудан жеткiлiктi негiздерсiз бас тартуға құқығы жоқ. 

2-1. Пайдаланушылар мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымға авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану туралы есепті, сондай-ақ сыйақыны жинау және бөлу үшін қажетті өзге де мәліметтер мен құжаттарды жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында ұсынуға міндетті, олардың тізбесі мен ұсынылу мерзімдері лицензиялық шартта айқындалады. 

3. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

4. Авторлық және сабақтас құқықтар иелерiнiң туындылар мен сабақтас құқықтардың объектiлерiн осындай лицензиялық шарттар бойынша пайдалану мен байланысты пайдаланушыларға қоятын барлық ықтимал мүлiктiк талаптарын лицензиялық шарттар жасасқан ұйым реттеуге тиiс.  

5. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйым жиналған сыйақыны бөлу және төлеу үшін шаралар қолдануға міндетті. 

Жиналған сыйақыны пайдаланушылардың авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануы туралы есептерінің ұсынылмауына байланысты бөлу және сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайда, мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым мұндай бөлінбеген сыйақыны сақтауға, ал ұйым шотына келіп түскен күнінен бастап үш жыл өткеннен кейін оны авторлық және сабақтас құқықтарды иеленушілердің жалпы жиналысында айқындалатын тәртіппен бөлінетін сомаларға қосуға міндетті. 

Авторлық және сабақтас құқықтардың нақты иеленушілеріне бөлінген және олардың есебіне жазылған жиналған сыйақы сомалары мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның шотында сақталуға және ұйымның шотында мұндай сомалардың сақталу мерзіміне қарамастан, тиісті авторға және (немесе) құқық иеленушіге мұндай тұлғалардың табылуына немесе өтініш білдіруіне қарай төленуге тиіс. 

Ескерту. 44-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 № 586, 2009.07.10 № 179-IV, 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...42 43 44 45 46 ...49

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться