Ст. 47 Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-I
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы
47-бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың қызметiн бақылау
1. Авторлардың, орындаушылардың, фонограмма шығарушылардың немесе өзге де авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды иеленушілердің мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын ұйым жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей уәкiлетті органға: 1) мұндай ұйымның жарғысына және өзге де құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстерді;
2) мұндай ұйым осыған ұқсас құқықтарды басқаратын шетелдiк ұйымдармен жасасатын екiжақты және көпжақты келiсiмдердің көшірмелерін;
3) жалпы жиналыстың шешiмдерiнің көшірмелерін;
4) жиналған, бөлінген, бөлінбеген, төленген, төленбеген, талап етiлмеген сыйақылар туралы мәлiметтердi қоса алғанда, жылдық балансты, жылдық есепті;
5) авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланғаны үшін сыйақыны жинау, бөлу және төлеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жергілікті жерлердегі филиалдар мен өкілдіктер туралы ақпаратты беруге міндетті.
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым екі жылда бір реттен сиретпей уәкілетті органға 15 сәуірден кешіктірілмейтін мерзімде аудиторлық есепті де ұсынады.
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым ұсынатын құжаттарды нотариат куәландырады немесе олар осындай ұйымның мөрімен куәландырылады.
2. Уәкiлетті орган мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардан ұйым қызметiнiң осы Заңға, Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасына немесе өзге де заңнамаға, сондай-ақ мұндай ұйымның жарғысына сәйкестiгiн тексеру үшiн қажеттi қосымша ақпаратты және құжаттарды талап етуге құқылы.
Ескерту. 47-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.10 № 179-IV, 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Читать еще раз
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы 35-бап. Сабақтас құқықтардың субъектiлерi Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы 25-бап. Геномдық ақпаратты алу Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы 10-бап. Дактилоскопиялық тіркеуге жататын адамдар Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы 10-бап. Тең авторларРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей