Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 113 КР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

КР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі
113-бап. Әкімшілік процестегі хабарлама (хабархат)

1. Әкімшілік процеске қатысушыларға істің қаралатын немесе жекелеген процестік әрекеттердің жасалатын уақыты мен орны туралы хабарланады және тиісті ұйғарым шығарылған күннен бастап не сот талқыланатын күн тағайындалған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей хабарламалармен (хабархаттармен) сотқа шақырылады.

Хабарлама (хабархат) телефонограммамен, "электрондық үкіметтің" веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабар жөнелте отырып, "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабармен, жеделхатпен немесе табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі.

Егер әкімшілік істе көрсетілген мекенжай бойынша адам іс жүзінде тұрмаса, хабарлама (хабархат) оның заңды мекенжайы бойынша немесе жұмыс орны бойынша жіберілуі мүмкін. Заңды тұлғаға арналған хабарлама (хабархат) оның тіркелген орны және (немесе) нақты орналасқан жері бойынша жіберіледі.

2. Хабарлама (хабархат):

1) хабарланатын адам әкімшілік іс бойынша іс жүргізу процесінде көрсеткен және өзінің қолтаңбасымен растаған ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабар, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабар жөнелте отырып, "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне жіберілген;

2) адамның өзіне жеке немесе онымен бірге тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне табыс етілгені туралы жіберушіге қайтарылуға жататын хабарламаға қолын қойғызып табыс етілетін жеделхатпен, тапсырыс хатпен хабарланған жағдайларда тиісті түрде жеткізілген және анық болып есептеледі.

Заңды тұлғаға арналған хабарлама (хабархат) заңды тұлғаның басшысына немесе жұмыскеріне табыс етіледі, ол өзінің тегін, аты-жөні мен лауазымын көрсете отырып, табыс етілгені туралы хабарламада (хабархатта) хабархатты алғаны жөнінде қол қояды;

3) хабарламаны (хабархатты) тиісінше жеткізу фактісін тіркеп-бекітуге (куәландыруға) мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен жіберілген жағдайларда тиісті түрде жеткізілген және анық болып есептеледі.

Кез келген басқа хабарлама (хабархат) процестік әрекеттерді жүргізу және шешімдер қабылдау үшін жеткілікті деп есептелмейді.

Әкімшілік процеске қатысатын адамдар процестік және өзге де құжатта әкімшілік іс бойынша іс жүргізу барысында өзі бұрын ерікті түрде көрсеткен тұрғылықты жері (орналасқан жері) мекенжайының, жұмыс орнының, ұялы байланыстың абоненттік нөмірінің, электрондық мекенжайының анық екендігімен танысқанын өз қолтаңбасымен растайды, ал көрсетілген контактілерге (мекенжайға) жіберілген хабарлама (хабархат) тиісінше және жеткілікті деп есептелетін болады.

3. Адресат хабарламаны (хабархатты) қабылдаудан бас тартқан кезде оны жеткізуші немесе табыс етуші адам хабарламаға (хабархатқа) тиісті белгі соғады, ол сотқа қайтарылады. Сот мұндай хабарламаны (хабархатты) тиісінше жеткізілді деп есептеуге құқылы.

4. Хабархатта (хабарламада) мыналар қамтылуға тиіс:

1) соттың атауы мен дәл мекенжайы;

2) сот отырысы немесе жекелеген процестік әрекет өткізілетін уақыт және орын;

3) адресатқа хабарланатын әкімшілік істің атауы;

4) сотқа шақырылатын немесе хабарланатын адамды (тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және адамның тұрғылықты жерін көрсету не хабарлама (хабархат) жолданған органның немесе заңды тұлғаның атауы және оның орналасқан жері, сондай-ақ әкімшілік іс бойынша мәртебесі;

5) шақырылып немесе хабарланып отырған адам қандай әрекеттерді және қандай мерзімде жасауға құқылы немесе міндетті екенін көрсету;

6) адресаттың болмауына байланысты хабархатты (хабарламаны) қабылдаған адамның алғашқы мүмкіндік болған кезде оны адресатқа табыс ету міндетін көрсету;

7) сотқа келмеудің салдары мен келмеу себептерін сотқа хабарлау міндетін көрсету;

8) хабарламаны (хабархатты) жіберген адамның қолы.

Ескерту. 113-бапқа өзегріс енгізілді – ҚР 06.02.2023 № 194-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...111 112 113 114 115 ...175

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?


Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.


Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?


Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться