Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 43 КР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

КР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі
43-бап. Алқалы мемлекеттiк орган

1. Шешiмдерi мемлекеттiк органдар мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданатын органдар алқалы мемлекеттiк органдар болып табылады. Алқалы орган қабылдайтын шешiмдердiң заңдылығы үшiн жауаптылық, шешiмдi қабылдаған кезде қарсы дауыс бергендердi қоспағанда, алқалы органның дауыс беруге қатысқан барлық мүшелерiне жүктеледi. 

2. Алқалы мемлекеттік органдар қызметінің негiзгi нысаны осы органдардың шешімдері қабылданатын олардың отырыстары болып табылады. 

3. Алқалы мемлекеттiк органдардың отырыстарын дайындау және өткiзу кезiнде уәкілетті органдар (олардың құрылымдық бөлiмшелерi) мен лауазымды адамдар мынадай мәселелердi шешедi: 

1) тиiсiнше бір тоқсан және бір жыл мерзiмге алқалы мемлекеттік органның басшысы не алқалы мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз ететiн органның басшысы бекiтетін, мүдделi органдар мен лауазымды адамдардың назарына жеткiзiлетін, отырыстарды өткiзу жоспарын әзiрлеу және бекiту; 

2) алқалы мемлекеттiк органның отырысына шығарылатын мәселелердi дайындауды, отырысты өткiзу жөніндегi өзге де ұйымдастыру іс-шараларын оның тиiстi құрылымдық бөлiмшелерi не алқалы мемлекеттік органның қызметiн қамтамасыз ететiн орган жүзеге асырады. 

4. Отырыстарды өткiзу тәртiбi алқалы мемлекеттiк органдардың регламенттерiнде айқындалады.  

5. Алқалы мемлекеттік органның отырысы хаттамаға түсiрiледi. 

6. Отырыста қабылданған шешiмдер алқалы мемлекеттiк органның регламентiне сәйкес қаулылармен ресiмделеді және орындаушылардың назарына жеткiзiледi. Қажет болған жағдайда қабылданған шешiмдердi iске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспары әзірленеді және бекiтiледi, олардың орындалуына бақылау белгіленеді.
Статья 1 ...41 42 43 43‑1 43‑2 ...175

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?


Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.


Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?


Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться