Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 155-2 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Бюджет кодексi
155-2-бап. Концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу

1. Бюджет комиссиялары мақұлдаған концессиялық жобалар бойынша инвестициялық ұсынысқа берілетін экономикалық қорытындының негізінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады. 

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы бойынша концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге бөлінген қаражаттың игерілу кезеңі бір жылдан асатын, бірақ тиісті бюджеттік комиссияның ұсынысында айқындалған мерзімнен аспайтын мерзімді құрауы мүмкін. 

2. Концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 

Республикалық концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге не түзетуге, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар тартылады. 

Жергілікті концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жергілікті атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалар тартылады. 

3. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-3) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлiгi болып табылатын концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйымға сараптамаға жiбередi. 

Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-3) тармақшасында белгіленген жағдайда, концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлiгi болып табылатын концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесiн қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаға сараптамаға жiбередi. 

4. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес тиісті сараптамалардың негізінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасы бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді. 

5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес тиісті сараптамалар мен келісулер негізінде концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасы бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді. 

6. Конкурстық құжаттамаға тиісті бюджеттік комиссияның қарауынсыз мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қосуға жол берілмейді. 

7. Әзірленген жобалау-сметалық құжаттамасы бар, сондай-ақ техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайталап қолданылатын жобалар негізінде іске асырылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді. 

Қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыруды конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзiрлеу немесе түзету шеңберінде немесе концессионер конкурстық құжаттама шарттарына сәйкес концессиялық жобаның маркетингтiк және қаржылық-экономикалық өлшемдерiн ескере отырып жүзеге асырады. 

8. Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайды. 

Ескерту. 155-2-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2013 № 150-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...155 155‑1 155‑2 155‑3 156 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 155-2-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV