Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Бюджет кодексi

ҚР Бюджет кодексi
158-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру



Ст. 158-1 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV



1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты негізінде іске асырылады. 

2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін шарттық қатынастарды орындау кезеңінде тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы жүзеге асырады. 

3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады. 

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалауды жүргiзу кезiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығын тартады. 

4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін және оны бағалауды жүргiзу тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. 

Ескерту. 31-тарау 158-1-баппен толықтырылды - ҚР 31.10.2015 № 380-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...157 158 158‑1 159 160 ...245

Перейти к статье







Добавить комментарий к 158-1-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV