Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 212 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Бюджет кодексi
212-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы

Ескерту. 212-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 07.04.2016 № 487-V Заңымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі). 

1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығаруы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. 

2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуының жиынтық көлемі тиісті жергілікті атқарушы орган борышының белгіленген лимитінен аспауға тиіс. 

3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шығарылатын мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша борышын өтеу міндетті түрде міндеттемелерде белгіленген мерзімде жүзеге асырылады. 

Ескерту. 212-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 07.04.2016 № 487-V (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

45-тарау. МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРГЕН ҚАРЫЗ АЛУ ЖӘНЕ БОРЫШ

Статья 1 ...210 211 212 213 214 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 212-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV