Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Бюджет кодексi
39-1-бап. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар



Ст. 39-1 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV



1. Дербес бiлiм беру ұйымдарының қызметiне және (немесе) қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйымға тек қана дербес бiлiм беру ұйымдары мен олардың ұйымдарының қызметiн қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн бюджеттен төленетiн өтеусiз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы салым болып табылады.

2. Нысаналы салым Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған мақсаттарға бағытталады.

3. Нысаналы салым салу бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері арқылы жүзеге асырылады.

4. Дербес бiлiм беру ұйымдары мен олардың ұйымдарының қызметiне нысаналы салым нәтижелерінің көрсеткiштерi тиiстi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң стратегиялық жоспарларында және (немесе) бюджеттiк бағдарламаларында айқындалады.

Дербес бiлiм беру ұйымдары мен олардың ұйымдары тиiстi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң стратегиялық жоспарларында және (немесе) бюджеттiк бағдарламаларында айқындалған, өздерiнiң қызметiне нысаналы салым нәтижелерінің көрсеткiштерiне қол жеткiзу үшiн жауапты болады.

5. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстарды жоспарлау бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім жасау арқылы жүзеге асырылады.

6. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

 Ескерту. Кодекс 39-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 151-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 395-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...38 39 39-1 39-2 40 ...245 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 39-1-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV