Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Бюджет кодексi
48-бап. Трансферттерді пайдалану кезінде нәтижелерге қол жеткізбегені үшін жауаптылық



Ст. 48 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV



1. Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттерді бөлу кезінде: 

1) нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді уақтылы жасамағаны үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі және жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары тиісті әкімшілерінің бірінші басшысы; 

2) төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттерді аудармағаны үшін жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бірінші басшысы; 

3) нысаналы даму трансферттерін нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес, нысаналы ағымдағы трансферттерді бекітілген бюджеттік бағдарламаға сәйкес пайдаланбағаны, нәтижелерге, оның ішінде бюджет қаражатын толық игеру кезінде қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есепті табыс етпегені үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкімі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшысы; 

4) нәтижелерге қол жеткізбеуге әкеп соққан, жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттерді игермегені үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкімі, төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. 

2. Нысаналы трансферттер есебінен мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты жалғыз ұйымдастырушы болып табылатын, жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері конкурстық рәсімдерді уақтылы өткізбеген жағдайда, жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. 

Ескерту. 48-бапқа жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2014 № 225-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-бөлім. БЮДЖЕТ ДЕҢГЕЙЛЕРІ АРАСЫНДА ТҮСІМДЕР МЕН ШЫҒЫСТАРДЫ БӨЛУ
8-тарау. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ, ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТЕР, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА, АСТАНА, АУДАН (ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА)
БЮДЖЕТТЕРІ АРАСЫНДА БЮДЖЕТКЕ ТҮСЕТІН ТҮСІМДЕРДІ БӨЛУ


Статья 1 ...46 47 48 49 50 ...245 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 48-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV