Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Экологиялық кодексi

ҚР Экологиялық кодексi
134-бап. Табиғат пайдаланушының iшкi тексерулердiұйымдастыруы



Ст. 134 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Табиғат пайдаланушы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының сақталуын тұрақты iшкi тексеру және өндiрiстiк экологиялық бақылау нәтижелерiн экологиялық және өзге де рұқсаттардың талаптарымен салыстыру жөнiнде шаралар қолданады. 

2. Iшкi тексерулердi еңбек мiндеттерiне қоршаған ортаны қорғау мәселелерi және өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi функциялар кiретiн қызметкер (қызметкерлер) жүргiзедi.  

3. Iшкi тексерулер барысында:  

1) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасында көзделген iс-шаралардың орындалуы; 

2) қоршаған ортаны қорғауға қатысты өндiрiстiк нұсқаулықтар мен ережелердi ұстану; 

3) экологиялық және өзге де рұқсат талаптарын орындау;  

4) өндiрiстiк экологиялық бақылаудың нәтижелерi бойынша есеп пен есептiлiктi жүргiзудiң дұрыстығы; 

5) өндiрiстiк экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргiзу мәселелерi көрiнiс табатын өзге де мәлiметтер бақыланады.  

4. Iшкi тексерудi жүзеге асыратын қызметкер (қызметкерлер):  

1) алдыңғы iшкi тексеру туралы есептi қарауға;  

2) қоршаған ортаға эмиссия жүзеге асырылатын әрбiр объектiнi қарап тексеруге; 

3) қажет болған жағдайда, басшыға тексеру барысында анықталған сәйкессiздiктердi түзету жөнiндегi шараларды жүргiзу туралы талаптарды, оларды жою мерзiмдерi мен тәртiбiн қамтитын жазбаша есеп жасауға мiндеттi.  

15-тарау. ҚОҒАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ


Статья 1 ...132 133 134 135 136 ...326 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 134-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212