Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
159-бап. Экологиялық ақпарат



Ст. 159 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Экологиялық ақпарат: 

1) қоршаған ортаның және оның объектiлерiнiң жай-күйi; 

2) қоршаған ортаға әсер ету факторлары, оның iшiнде оның ластануы туралы; 

3) қоршаған ортаға әсер ететiн немесе әсер ете алатын бағдарламалық, әкiмшiлiк және өзге де шаралар; 

4) экологиялық нормативтер мен шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар; 

5) қоршаған ортаны қорғау жөнiнде жоспарланатын және iске асырылатын iс-шаралар және оларды қаржыландыру; 

6) қоршаған ортаға әсер ететiн немесе әсер ете алатын қызмет, ол бойынша шешiм қабылдау процесi және инспекторлық экологиялық тексерулер нәтижелерi, оның iшiнде бұл ретте қаралған қоршаған ортаға қатысты есептер, талдаулар мен өзге де мәлiметтер; 

7) қоршаған орта жай-күйiнiң халықтың денсаулығына, қауiпсiздiгiне және тiршiлiк жағдайларына, мәдениет объектiлерiне, ғимараттар мен құрылыстарға әсер етуi туралы мәлiметтер мен деректердi қамтиды. 

2. Экологиялық ақпарат жазбаша, электрондық, дыбыс бейнелi немесе өзге де нысанда көрсетiлуi мүмкiн.

Статья 1 ...158-3 158-4 159 160 161 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 159-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212