Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Экологиялық кодексi
288-бап. Өнеркәсіп және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі жалпы экологиялық талаптар



Ст. 288 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Шаруашылық қызметі процесінде қалдықтар түзілетін жеке және заңды тұлғалар олармен қауіпсіз жұмыс істеу шараларын көздеуге, экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға және оларды кәдеге жарату, қайта өңдеу, залалсыздандыру және қауіпсіз жою жөніндегі іс-шараларды орындауға міндетті.

 Жеке және заңды тұлғалар өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.

2. Қалдықтарды орналастыру мен жою қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органымен және өзге де арнайы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімдерімен айқындалатын орындарда жүргізіледі.

3. Қалдықтарды сақтау орындары қалдықтарды қалпына келтіргенге немесе өңдегенге дейін үш жылдан аспайтын немесе оларды көмгенге дейін бір жылдан аспайтын мерзімге қауіпсіз сақтау үшін арналады.

3-1. Қалдықтарды уақытша сақтау қалдықтарды орналастыру болып табылмайды.

 Қалдықтарды уақытша сақтау орындары оларды кәдеге жарату, қайта өңдеу, сондай-ақ қайта өңдеуге немесе кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтарды жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын үшінші тұлғаларға бергенге дейін алты айдан аспайтын мерзімде қалдықтарды қауіпсіз жинауға арналған.

 Өндіріс және тұтыну қалдықтарын уақытша сақтаудың жобалық құжаттамада белгіленген шарттары мен мерзімдері (бірақ алтын айдан аспайтын) бұзылған жағдайда, мұндай қалдықтар түзілген кезінен бастап орналастырылған болып танылады.

4. Қалдықтарды пайдалану (кәдеге жарату, өңдеу) мақсаттарында оларды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган беретін лицензия негізінде жүзеге асырылады.

Жеке тұлғалардың қалдықтарды жеке пайдалану үшін (коммерциялық емес мақсаттарда) әкелуіне және әкетуіне тыйым салынады.

Қалдықтарды көму және залалсыздандыру мақсатында әкелуге тыйым салынады.

5. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, қалдықтардың меншік иесі қалдықтардың көлемін бірте-бірте азайту мақсатында оларды басқару бағдарламасын әзірлеуге міндетті.

6. Қалдықтарды залалсыздандыру немесе орналастыру тәсілдерін және орнын таңдау кезінде, сондай-ақ қалдықтарды өңдеуді, жоюды немесе орналастыруды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды айқындау кезінде қалдықтардың меншік иелері қалдықтардың құралу көздерінен олардың барынша аз көшірілуін қамтамасыз етуге тиіс.

7. Біржолғы өнімдерді әкелу, егер ол кәдеге жаратылуы жоғары экологиялық тәуекелмен байланысты немесе экономикалық жағынан мақсатқа лайық емес қалдықтардың құралуына әкеп соқтырса, шектелуі немесе оған толық тыйым салынуы мүмкін.

8. Пайдалану нәтижесінде Қазақстан Республикасында оларды залалсыздандыру немесе жою жөніндегі технологиясы жоқ қауіпті қалдықтар құралатын өнімдер импортына тыйым салынады.

9. Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы халықаралық шарттарында көзделген пайдалану нәтижесінде жойылуы қиын органикалық ластауыштарды қамтитын қалдықтар түзілетін өнімді өндіруге және импорттауға тыйым салынады.

 Ескерту. 288-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...286 287 288 288-1 289 ...326 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 288-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212