Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Экологиялық кодексi

ҚР Экологиялық кодексi
289-бап. Қауіпті қалдықтардың паспорты



Ст. 289 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212




1. Шаруашылық қызметі процесінде қалдықтар құралатын жеке және 

заңды тұлғалар қауіпті қалдықтардың паспортын жасайды және бекітеді. 

2. Қауіпті қалдықтардың паспорты: 

1) осы Кодекстің 287-бабының 1-тармағында көрсетілген қалдықтарға; 

2) Янтарь және Қызыл тізімдердегі қалдықтарға жасалады. 

3. Қауіпті қалдықтардың паспортында мынадай міндетті бөлімдер: 

1) қалдықтардың атаулары; 

2) қалдық шығарушы - жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, өндірістік үй-жайы болған кезде оның орналасқан жері, кәсіпорынның атауы мен деректемелері; 

3) қалдықтардың шығу көздері; 

4) қалдықтардың қауіпті қасиеттерінің тізбесі; 

5) қалдықтардың химиялық құрамы және олардың құрауыштарының қауіпті қасиеттерінің сипаттамасы; 

6) қалдықтарды өңдеудің ұсынылатын тәсілдері; 

7) қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі қажетті сақтану шаралары; 

8) қалдықтарды тасымалдауға және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге қойылатын талаптар; 

9) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі шаралар; 

10) қосымша ақпарат қамтылуға тиіс. 

4. Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді және ол қалдықтардың әрбір түріне жеке толтырылады. 

5. Қауіпті қалдықтар паспорты қалдықтар түзілген кезден бастап үш ай ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жіберіледі. 

6. Міндетті бөлімдерге енгізілген деректердің толықтығы мен дұрыстығын арттыратын қосымша ақпараттың түсуіне қарай қауіпті қалдықтар паспорты жаңартылуға жатады. Жаңартылған паспорт он жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жіберіледі. 

7. Қауіпті қалдықтар паспорттарының көшірмелері қалдықтардың осы партиясын немесе оның бір бөлігін тасымалдайтын жеке немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ қалдықтардың осы партиясының (партия бөлігінің) әрбір жүк алушысына міндетті түрде ұсынылады. 

8. Жүк алушы алынған қалдықтар партиясын өңдеу кезінде, оны басқа материалдармен араластыруды қоса алғанда, өз кәсіпорнынан тысқары жерге тасымалдаған жағдайда осы партияға (партия бөлігіне) қауіпті қалдықтардың жаңа паспортын ресімдеуге, сондай-ақ жаңа паспортты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жіберуге міндетті. 

9. Қалдықтар құралған процестің технологиялық регламентінің өзгеруіне байланысты осы қалдықтардың қауіпті қасиеттері өзгерген жағдайда қауіпті қалдықтар паспорты өзінің қолданылуын тоқтатады. 

10. Қалдықтың химиялық және құрауыштық құрамы аккредиттелген зертхана орындаған талдаулардың нәтижелері негізінде көрсетіледі. Өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер) түрінде берілген қалдықтар үшін техникалық жағдайларға сәйкес бастапқы тауардың (өнімнің) құрауыштық құрамы туралы мәліметтер көрсетіледі. 

11. Қауіпті қалдықтар паспортында бастапқы тауардың (өнімнің) атауы беріле отырып, нәтижесінде қалдықтар құралған технологиялық процестің немесе нәтижесінде тауар (өнім) өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан процестің атауы көрсетіледі. 

12. Қауіпті қалдықтар паспортында қауіпті қалдықпен байланысты, оның ішінде тасымалдау және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу уақытындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі қажетті шаралар көрсетіледі. 

13. "Қосымша ақпарат" бөлімінде қалдықтардың меншік иесі хабарлағысы келетін өзге де ақпарат көрсетіледі. 

Ескерту. 289-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 


Статья 1 ...288 288-1 289 290 291 ...326 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 289-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212