Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Экологиялық кодексi

ҚР Экологиялық кодексi
66-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы



Ст. 66 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Қоғамдық экологиялық сараптаманың нәтижелерi ұсынымдық сипатта болатын қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы түрiнде ресiмделедi.  

2. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысында:  

1) экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының атауы мен заңды мекенжайы;  

2) тапсырыс берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты немесе толық атауы, қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң атауы мен орналасқан жерi; 

3) қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу туралы өтiнiштiң жергiлiктi атқарушы органда тiркелгенi туралы мәлiметтер;  

4) қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу мерзiмдерi; 

5) қоғамдық экологиялық сараптамадан өткен құжаттаманың құрамы, қоғамдық экологиялық сараптама процесiнде пайдаланылған басқа да құжаттардың тiзбеленiп көрсетiлуi; 

6) қоғамдық экологиялық сараптаманың сарапшылық комиссиясы мүшелерiнiң құрамы;  

7) сараптама нәтижелерiнiң баяндалуы;  

8) қоғамдық экологиялық сараптаманың ұйымдастырушысы айқындаған, қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргiзу жөнiндегi тапсырмалардың сипаты;  

9) қоғамдық экологиялық сараптама процесiнiң, оның iшiнде жұртшылықпен, тапсырыс берушiмен және басқа да мүдделi тараптармен өзара iс-қимыл жасасудың сипаттамасы;  

10) қоғамдық экологиялық сараптаманың тұжырымдары қамтылуға тиiс.  

3. Қоғамдық экологиялық сараптама тұжырымдарында:  

1) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiнiң Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкестiгi туралы қорытынды;  

2) тапсырыс берушiнiң қоршаған ортаға әсерге жүргiзген бағалауының толымдылығы, сапасы мен дұрыстығы жөнiндегi сипаттама;  

3) жұртшылықтың әртүрлi топтарының белгiленiп отырған қызметке көзқарасының сипаттамасы, жұртшылықтың ұсыныстары мен ескертпелерiне жасалған шолу;  

4) сарапшылардың қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiн iске асыруға экологиялық және әлеуметтiк тұрғыдан жол беруге болатыны жөнiндегi пiкiрi;  

5) мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органға, тапсырыс берушiге, сараптама объектiсiн iске асыруға байланысты шешiмдер қабылдайтын мемлекеттiк органдарға және заңды тұлғаларға берiлетiн ұсыныстар мен ұсынымдар қамтылуға тиіс. 

4. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысына қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушының уәкiлеттi өкiлi, сараптамалық комиссияның төрағасы мен мүшелерi қол қояды.  

5. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы: 

1) қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзуге берiлген өтiнiштi тiркеген жергiлiктi атқарушы органға;  

2) осы объектiнiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын жүзеге асыратын органға;  

3) жоспарланып отырған қызметтiң тапсырыс берушiсiне;  

4) қоғамдық экологиялық сараптама объектiсiн iске қосуға байланысты шешiмдер қабылдайтын органдарға;  

5) бұқаралық ақпарат құралдарына жiберiледi.

Статья 1 ...64 65 66 67 68 ...326 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 66-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212