Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Экологиялық кодексi

ҚР Экологиялық кодексi
67-бап. Қоғамдық экологиялық сараптаманың нәтижелерiн пайдалану



Ст. 67 ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212



1. Жоспарланып отырған қызметтiң тапсырыс берушiсi қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысын алған күннен бастап бiр ай iшiнде онда қамтылған тұжырымдар мен ұсынымдарды қарауға және өзiнiң түсiндiрмелерiн мемлекеттiк экологиялық сараптама органына және қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушыға жiберуге мiндеттi. 

2. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қаралуға тиiс. Қарау нәтижелерi қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастырушыға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға жiберiлуге тиiс. 

3. Қоғамдық экологиялық сараптаманың қорытындысы жергiлiктi атқарушы органдар, қаржы ұйымдары және белгiленiп отырған қызметтiң тапсырыс берушiсi шешiмдер қабылдаған кезде де ескерiлуi мүмкiн. 

Қоғамдық экологиялық сараптаманың нәтижелері ғимараттардың, құрылыстар мен кешендердің, инженерлік және көлік коммуникацияларының құрылысына арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу кезінде де ескерілуі мүмкін. 

Ескерту. 67-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8-тарау. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РҰҚСАТТАР


Статья 1 ...65 66 67 68 69 ...326 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 67-бап ҚР Экологиялық кодексi 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212