Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
1013-бап. Интегралды микротәсiмдер топологиясына құқықтарды қорғау талаптары



Ст. 1013 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Осы тарауда және өзге де заң актiлерiнде көзделген құқықтық қорғау интегралды микротәсiмдердiң түпнұсқа топологиясына ғана қолданылады.  

Автордың шығармашылық қызметi нәтижесiнде жасалып, материалдық көздерде көрсетiлген интегралды микротәсiмдер мен олардың арасындағы байланыстардың элементтерi жиынтығының кеңiстiктiк-геометриялық орналасуы интегралды микротәсiмнiң түпнұсқалық топологиясы деп танылады.  

2. Осы бөлiмнiң баптарымен берiлген құқықтық қорғау топологияда iске асуы мүмкiн идеяларға, әдiстерге, жүйелерге, технологияға немесе кодтандырылған ақпаратқа қолданылмайды.  

3. Интегралды микротәсiмдер топологиясы құқығына және осы құқықтарды қорғауға байланысты қатынастарға тиiсiнше осы Кодекстiң 994-997-баптарының ережелерi қолданылады.

Статья 406 ...1011 1012 1013 1014 1015 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 1013-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409